4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) балалар мен жастар лагерьлерiнiң, туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне жәрдем көрсетедi;
6) туристiк ақпаратты, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат бередi;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;
7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13-бап. Туризм жөніндегі кеңес
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Туризм жөніндегі кеңес уәкілетті орган жанындағы консультациялық-кеңесші орган ретінде құрылады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Туризм жөніндегі кеңестің құрамына уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қауымдастықтар мен өзге де бірлестіктердің өкілдері кіреді.
1) Туризмді дамыту, экономиканың осы саласына инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шетелге шығуы үшiн жағдайлар жасау, республиканың туристiк имиджін қалыптастыру, туристік қызмет саласында мамандар даярлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
2) туристiк қызмет көрсетудi тұтынушыларды қызмет көрсету сапасы туралы хабардар ету мақсатында өзi бекiткен тәртiп бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың рейтингін жүргізеді.
4. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Туристік ақпарат орталығы
1. Туристік ақпарат орталығы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі құратын, тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік пен оның туристік əлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру жəне тарату, туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта жəне мемлекет ішінде ілгерілету үшін, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады.
Туристік ақпарат орталығы туристік өнімді халықаралық туристік нарықта ілгерілету кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында құрған ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
2. Туристік ақпарат орталықтары қызметінің тəртібі мен шарттарын уəкілетті орган бекітеді.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Басым туристік аумақтар
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес ерекше мəртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шегін айқындайтын туристік дамытудың ерекше әлеуеті бар аумақ басым туристік аумақ болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар басым туристік аумаққа қатысушылар болып табылады.
синергетикалық әсер есебінен аумақтың туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
туристік қызмет субъектілері жұмысының тиімділігін арттыру;
туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелерінде ресурстарды (материалдық, зияткерлік және басқаларын) шоғырландыру мақсатында құрылады.
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын туризм объектілерін басым туристік аумақтарда салу жəне олар бойынша инвестициялық преференциялар беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 14-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-2-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау
Басым туристік аумақта инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес преференциялар беріледі.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 14-3-баппен толықтырылды
14-3-бап. Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның өкілеттіктері
Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымға мынадай өкілеттіктер беріледі:
1) келу туризмі мен ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасын және оның туристік мүмкіндіктерін халықаралық және ішкі туристік нарықтарда, оның ішінде ұлттық туристік порталды пайдалану мен дамыту арқылы ілгерілетуді жүзеге асырады;
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) туристік өнімді халықаралық туристік нарықта ілгерілету бөлігінде туристік ақпарат орталықтарының қызметін үйлестіреді, халықаралық қызметті əдістемелік жəне ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз етеді;
3) ұлттық туристік брендтерді әзірлейді және халықаралық және ішкі туристік нарықтарда ілгерілетеді, бекітілген қағидаларға сәйкес олардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
4) туристік саладағы маркетингтік стратегияны әзірлейді, оның іске асырылу мониторингін үйлестіреді және жүргізеді;
5) туристік ресурстарды құруға және дамытуға қатысады;
6) Қазақстан Республикасының туристік әлеуетіне талдау жүргізеді;
7) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялауды әкімшілендіреді.
3-тарау. Туристік қызметті ұйымдастыру
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-бап жаңа редакцияда; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап жаңа редакцияда
15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Шығу туризмі саласындағы туроператор шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде шетелге шығатын әрбір туриске қатысты туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
2-тармақтың бірінші - төртінші абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады;
келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады;
турагенттік қызмет, сондай- гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туристік қызметтер көрсетуге тыйым салуға алып келеді.
Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Туроператор туристерге туристік өнімге кіретін барлық көрсетілетін қызметтерді дербес өзі немесе туроператор туристер алдындағы өз міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындауды жүктейтін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетуді қамтамасыз етеді.
Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек қана турагенттер арқылы жүзеге асырады. Турагент шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізу кезінде туристік ваучер беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнім шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік өніміне енгізу арқылы ұсынылады және осы Заңға сәйкес өткізіледі.
3. Турагент туроператор қалыптастырған туристік өнімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристерге ұсынады және өткізеді.
Турагенттің туристік өнімді ұсынуы және өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта мыналар қамтылуға тиіс:
туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы мәліметтер;
турагенттің туроператор атынан туристермен мәмілелер жасауға өкілеттіктері;
турист не туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсететін үшінші тұлғалар талап қойған жағдайдағы туроператор мен турагенттің өзара іс-қимыл тәртібі;
туристік маршруттың сипаттамасы;
туристік өнім туралы анық ақпарат және туристік өнім туралы ақпарат бермегені немесе анық емес ақпарат бергені үшін тараптардың әрқайсысының турист алдындағы жауаптылығы.
Туроператор туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін (оның ішінде осы қызметтерді кімнің көрсетуге тиіс болғанына немесе кімнің көрсеткеніне қарамастан, туристерге туристік өнімге кіретін қызметтерді көрсетпегені немесе тиісінше көрсетпегені үшін) туристің алдында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
4. Діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған туроператорлық қызмет уәкілетті органмен келісу бойынша діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды;
15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы
1. Туристерді орналастыру орындары туристер легін және барлық туризм түрлерінен түсетін кірістерді арттыруға жәрдемдесу мақсатында сыныпталуға тиіс.
2. Сыныптама жүргізу кезінде туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерінің негізінде санаттардың біріне аттестаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін туристерді орналастыру орындарының сипаттамалары қаралады.
3. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелері негізгі мақсаттарды, ұйымдық құрылымды, ең төменгі талаптарды айқындайды және туристерді орналастыру орындарына санаттар беру тәртібін реттейді.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды
15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру
1. Туристік өнімді қалыптастыру - туроператордың туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттарды жасасу және орындау жөніндегі қызметі.
2. Туроператор туристік өнімді өз қалауы бойынша туристік нарықтың конъюнктурасын негізге ала отырып немесе нақты тапсырыс бойынша қалыптастырады.
3. Туроператор кіретін қызметтер көрсетуге құқықты жекелеген туристік қызметтер көрсетуді ұсынатын тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде алады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15-3-баппен толықтырылды; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 15-3-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Гидтің, экскурсия жүргізушінің, туризм нұсқаушысының, турагенттің қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
2. Турагенттік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберетін өтініш берушілер уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді қоса береді.
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Гид, экскурсия жүргізуші, туризм нұсқаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны жіберетін өтініш берушілер хабарламаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді және туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификатты қоса береді.
2007.12.07. № 222-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау
Туристік қызмет аясындағы стандарттау Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Туристік қызметтер көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсету шарты, гидпен және экскурсия жүргізушімен жасалатын шарттарды қоспағанда, жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуға тиіс.
Туристік қызмет көрсету шартының елеулі талаптары уәкілетті орган бекіткен туристік қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартта белгіленеді.
Келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлардың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Бір жыл ішінде қайталап жасалған, келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлардың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензиядан айыру үшін негіз болып табылады.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру не лицензиядан айыру туралы шешімді уəкілетті орган қабылдайды.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айды құрайды.
2. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Шартты жасасу кезiнде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулi түрде өзгеруiне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертудi немесе бұзуды талап етуге құқылы.
4. Мән-жайлардың елеулi түрде өзгеруiне мыналар жатады:
1) саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзiмiнiң өзгеруi;
2) көлiк тарифтерiнiң ойламаған жерден өсуi;
3) салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жаңа ставкаларын енгізу немесе олардың қолданыстағы ставкаларының артуы;
4) тараптардың келісімi бойынша белгiленетiн өзге де негiздер.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартты орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте турист Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен шартты бұзуға құқылы.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етiлгенге дейiн көрсетiлген қызметтерi үшiн олардың iс жүзiнде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
7. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8. Турдың құрамына кiретiн туристiк қызметтер көрсетiлуiн сатып алған жағдайда туристiк ваучер туристiң тиiстi қызмет көрсетудi пайдалану құқығын растайтын құжат болып табылады.
9. Туристiң кiнәсiнен туристiк қызмет көрсету шартын орындау мүмкiн болмайтын жағдай туындаған ретте, егер заң актілерінде немесе өтелмелi қызметтер көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметтерге толық көлемде ақы төленуi тиiс.
10. Туристiк қызмет көрсету шартын орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың бiр де бiрi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға iс жүзiнде шығарған шығындарын өтейдi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Туристiң кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушiге шартты бұзудан келтiрiлген залалдарды толық өтеген жағдайда ғана шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Басқа елге келген жерi бойынша не жүру барысындағы маршруты бойынша шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шарт талаптарының тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапты болады.
18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары
1. Туристерге келтiрiлетiн залалдар мен моральдық зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға саяхат жасау кезiнде дүлей күштiң ықпалы салдарынан туристке келтiрiлген залал үшiн жауап бермейдi.
3. Жолаушыларды көлiктiң кез келген түрiмен тасымалдаған кезде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристке жөнелтiлетiн және баратын пункттер атаулары, жолаушылардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлген жеке немесе топтық (туристер тобына қызмет көрсету кезiнде) тасымалдау құжатын (билетiн) беруге мiндеттi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 4 -тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристің төтенше жағдайға тап болғаны туралы туристің отбасын өз есебінен жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
5. Өлшеуге берiлмеген жүктi тасымалдау, оның сақталу жауапкершiлiгi туристке жүктеледi. Егер туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға билет, жүк квитанциясын немесе тасымалдауға қабылданған жүктiң жөнелтпе құжатын берсе, бiрақ олар дұрыс ресiмделмеген болса немесе жоғалса, немесе оларды қандай да бiр басқа себептермен ұсыну мүмкiн болмаса, тасымалдау шарты күшiнде қалады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6.Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартпен көзделген мән-жайлар өзгерген жағдайда және шарттың талаптарын елеулi түрде өзгерту қажет болған жағдайда туристке жазбаша нысанда осындай өзгерiстердiң сипаты және ықтимал салдарлары туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өз филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес тiркелген, туристік қызметті жүзеге асыратын басқа тұлғалардың атауларын пайдалана алмайды.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың бірлестіктері
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 20- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және туристік индустрияның өзге де тұлғалары өздерiнiң кәсiптiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделердi бiлдiру және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қауымдастықтар (одақтар) нысанында бiрлестiктер құра алады.
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Туристердiң бiрлестiктерi
Қазақстан Республикасының азаматтары туристердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, туризмді дамытуға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бiрлестiктер құра алады.
22-бап. Туристiк қызмет саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды білім беру саласында тиiстi лицензиялары бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
23-бап. Гид, туризм нұсқаушысы, экскурсия жүргізуші
Қазақстан Республикасының азаматы ғана гид, туризм нұсқаушысы, экскурсия жүргізуші бола алады.
4-тарау. Туристің құқықтары мен міндеттері, туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
24-бап. Туристiң құқықтары
Транзитті қоса алғанда, саяхатқа әзірленген, саяхат жасаған кезде туристiң:
1) өзiнiң жеке басына немесе мүлкiнiң қауiпсiздiгiне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристiк өкiлдiктерге өтiнiшпен жүгiнуге;
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелерi туралы, уақытша болатын ел (жер) заңнамасының ерекшеліктері туралы, жергiлiктi халықтың әдет-ғұрпы туралы, дiни салт, қасиеттi орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткiштер және туристерге көрсетiлетiн, ерекше қорғаудағы басқа да объектiлер, қоршаған ортаның жай-күйi туралы қажеттi және дұрыс ақпарат алуға;
3) еркiн жүрiп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристiк ресурстарға еркiн қол жеткiзуге;
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;
5) шұғыл медициналық жәрдем алуға;
6) шетелдік туристердiң құқықтық көмек және көмектiң өзге де түрiн алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттік билiк органдарының жәрдемдесуiне;
7) туристердiң қолда бар байланыс құралдарына кедергiсiз қол жеткiзуiне құқығы бар.
Туристердiң өзге құқықтары болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады.
25-бап. Туристiң мiндеттерi
Саяхат жасаған кезде, транзиттi қоса алғанда, турист:
1) уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарын сақтауға;
2) уақытша болатын елдегi (жердегi) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи, тарихи және мәдени ескерткiштерге ұқыпты қарауға;
3) уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерiн және транзиттiк жүрiп өтетiн елдердегi ережелердi сақтауға;
4) саяхат кезiнде жеке өзiнiң қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға мiндеттi.
Туристiң өзге мiндеттерi болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады.
26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының аумағында туристердiң қауiпсiздiгiне Қазақстан Республикасы кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының турист-азаматтарына оның шегiнен тыс жерлерде қорғау және оларға қамқорлық жасау кепiлдiгiн бередi.
2. Туристердiң қауiпсiздiгi деп туристердiң жеке қауiпсiздiгi, олардың мүлкiнiң сақталуы және саяхат кезiнде қоршаған ортаға залал келтірмеуі, сондай-ақ туризмді заңсыз көші-қон мен үшiншi елдерге транзит, азаматтарды сексуалдық, еңбек және өзге де мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған шаралар кешенi түсiнiледi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Уәкiлеттi орган туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристерге саяхат басталудан үш күн бұрын жазбаша түрде уақытша болатын елге (жерге) бару, уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтер беруге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға міндетті.