2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына саяхат кезінде туристің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы білген немесе білуге тиіс кезден бастап дереу хабарлауға міндетті.
Егер шетелдік туристер - Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға міндетті.
Туроператорлардың уəкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органға, мүдделі мемлекеттік органдарға жəне туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Бір жыл ішінде қайталап жасалған, туроператорлардың уəкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органға, мүдделі мемлекеттік органдарға жəне туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі лицензиядан айыру үшін негіз болып табылады.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру не лицензиядан айыру туралы шешімді уəкілетті орган қабылдайды.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айды құрайды.
6. Өзi уақытша болатын елге (жерге) саяхат жасағысы келетiн туристер халықаралық медицина талаптарына сәйкес профилактикадан өтуге мiндеттi.
7. Қазақстан Республикасының аумағында қасiретке душар болған туристерге қажеттi көмектi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мамандандырылған қызметтер жүзеге асырады.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Уәкiлеттi орган мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9 тармақ өзгертілді; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. Туристік қызметті жүзеге асыру кезінде сақтандыру
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Турагент туристік өнімді өткізу кезінде:
шетелге шығатын турист туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атауын сұратуға;
шетелге шығатын туриске сақтандыру сертификатын және қажет болған кезде, сақтандыру полисін беруге міндетті.
2. Туристі міндетті сақтандыру шартында туристерге медициналық көмектің ақысын төлеу және уақытша болатын елде (жерде) тікелей сақтандыру жағдайы басталған кезде олардың шығыстарын өтеу көзделуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағына келетін туристерге өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің болуы туралы талапты белгілеуге құқылы.
4. Шығу туризмі саласындағы туроператор шетелге шығатын туристі «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәуекелдерден сақтандыруға міндетті.
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 27-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-1-бап. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі және Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасы азаматтарының турагенттермен, туроператорлармен, туроператор-әуе кемесімен жалданушылармен, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісімен және уәкілетті органмен іскерлік сипаттағы сапарларға байланысты құқықтық қатынастарына қолданылмайды.
27-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері
1) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар;
2) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар;
3) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын турагенттер;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері болып табылады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган айқындаған, жалғыз қызмет түрі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметін атқару болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің кәсіпкерлік қызметті және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға, қарыздар алуға, үшінші тұлғалардың қарыздары бойынша кепілгер болуға, мүлікті кепілге беруге құқығы жоқ.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметі осы Заңның 27-3-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген мөлшерде аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым есебінен қаржыландырылады.
5. Туристер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің пайда алушылары болып табылады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі:
шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін әкімшілендіруді;
Уәкілетті орган айқындаған кепілдік берудің сараланған сомасын қабылдауды жүзеге асырады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі:
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектісі шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметтің түрін тоқтатқан жағдайда осы субъектінің кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкету фактілері болмаған кезде ол енгізген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға;
банк кепілдігінің шекті сомасына қол жеткізілген кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектісі енгізген банк кепілдігін осы субъектіге қайтаруды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметіне бөлінген комиссия сомасын қоспағанда, осы субъект жүйеге кірген кезден бастап үш жылдан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері үшін аударымдарды келесі күнтізбелік жылға есепке жатқызу әдісінің қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті.
27-3-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелері
1. Шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорларға және туроператорлар-әуе кемесімен жалданушыларға мынадай міндеттемелер:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісіне шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің не Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі айқындаған үшінші тұлғаның пайдасына банк кепілдігімен қамтамасыз етілген ақшаны төлеуді көздейтін, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік шартын жасасу;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) арнайы шотқа туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен уәкілетті орган бекіткен сомада ақшаны аудару жүктеледі.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің осы бапта санамаланған міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісіне және уәкілетті органға жүктеледі.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бапта көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті түрде орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласындағы туристік қызметтерді көрсеткені анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осындай мән-жай анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметке арналған лицензияның (лицензияға қосымшаның) қолданысын тоқтата тұруды жүзеге асыруға міндетті.
27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау тетігі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы азаматының шығу туризмі саласындағы құқықтары бұзылған жағдайда, оның жазбаша немесе ауызша өтініші болғанда;
2) Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласындағы туристiк қызмет туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініші болғанда;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша туристер бірлестігінің (бірлестіктерінің) жазбаша өтініші болғанда;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өтініші болғанда;
5) шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және денсаулығына зиян келтіру қаупі туындаған өзге де жағдайларда қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі қабылданған шешім туралы туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы басшысын, туристер болған елдегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесін бір тәулік ішінде хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалады.
ҚР 22.02.02 ж. № 296-11 Заңымен 28-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
28-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 28-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-1-бап жаңа редакцияда
28-1-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ақпаратты талдау нысанында жүзеге асырады.
Мыналар талдау үшін ақпарат көздері болып табылады:
ресми статистикалық ақпарат;
мемлекеттік органдардың ақпараты;
дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараты;
ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның ақпараты;
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің ақпараты;
туристік қызмет субъектілерінен келіп түсетін ақпарат.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және жібереді.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
4. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны жіберген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына қарсылық жіберуге құқылы.
6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
7. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
29-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде туристiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай мерзiм iшiнде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының
| Президенті | Н. Назарбаев |