3) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;
4) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1) автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұйымдастырған сараптамада қамтылмаған облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерінің жұмыстары мен материалдарының сапасына Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының сараптама жүргізуін ұйымдастыру;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен қызметтер көрсетуін қаржыландыру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
6-1) 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
6-3) 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-4) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-5) - 6-7) 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 6-8) тармақшамен толықтырылды
6-8) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 6-9) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-9) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-9) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының, байланыс және электр беру арналарымен, желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен, коммуникациялармен қиылысуын жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 6-10) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
6-10) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде орналастыруды келісу;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-11) тармақшамен толықтырылды
6-11) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін ұйымдастыру және дамыту;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-12) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-12) жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-13) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-13) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 6-14) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-14) жол активтерінің цифрлық платформасының жұмыс істеуі, оны толықтыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жол активтерінің цифрлық платформасын толықтыруды қамтамасыз ету;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 6-15) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-15) автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 6-16) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-16) орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесін толықтыруды қамтамасыз ету;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Астананың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының қарауына сондай-ақ:
1) астананың, республикалық маңызы бар қаланың ақылы көшелерін (учаскелерін) пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2) астананың, республикалық маңызы бар қаланың көшелерін (учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
3) ақылы жүріп өтудің енгізілуіне қарай астананың, республикалық маңызы бар қаланың ақылы көшелерімен жүріп өту үшін ақы және мөлшерлемелер алу қағидаларын әзірлеу және бекіту жатады.
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді
2. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы аудандық (қалалық) атқарушы органдарының қарауына:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2) тармақша өзгертілді; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу жəне күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша жаңа редакцияда; 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 2-2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-1) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тəртібі мен талаптарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелер мөлшерін əзірлеу;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 2-2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) елді мекендерден тыс жердегі туристік ресурстарға, туризм объектілеріне дейін аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-3) жол активтерінің цифрлық платформасының жұмыс істеуі, оны толықтыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жол активтерінің цифрлық платформасын толықтыруды қамтамасыз ету;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-4) орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесін толықтыруды қамтамасыз ету;
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3) тармақша өзгертілді
3) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда
4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
14-бап. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлау
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Автомобиль жолдарын дамыту ісін жоспарлауды мемлекеттік органдар, шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдарын басқарушылар бекітілген республикалық және өңірлік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Елді мекендердің көше-жол желісін дамыту ісін жоспарлауды тиісті жергілікті атқарушы органдар көлік құралдарының тұрақтары мен орынтұрақтарын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ автомобиль жолдары бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу үшін міндетті түрде жер бөле отырып, жүзеге асырады.
Автомобиль жолдарын жөндеуді жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол активтерін диагностикалау және аспаптық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде жүргізіледі.
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жол саласындағы ғылыми зерттеулерді мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Автомобиль жолдарын жобалауды және салуды тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар конкурстық негiзде жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жаңа автомобиль жолдарын салу немесе бұрыннан барын реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жатады. Автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізіледі.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды, реконструкциялауды және жөндеуді жоспарлау кезінде автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша, кейіннен байланыс саласындағы уәкілетті органның күтіп-ұстауына бере отырып, талшықты-оптикалық байланыс желілері салынуы мүмкін.
15-бап. Жол қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жұмыстың сапасы
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау автомобиль жолдарының жоғары көлiктiк-пайдалану көрсеткiштерiне (жылдамдық, тегiстiк, ұзақ мерзiмдiлiк, автокөлiк жүрiсiнiң жоғары қауiпсiздiк жағдайларына) жету мақсатында, белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес, пайдалануға рұқсат етілген материалдарды, аспаптарды, жабдықтар және өлшеу құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жол қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып орындауға міндетті.
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзірлеуші, өндірістік қадағалауды - жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, күрделі, орташа жөндеуді техникалық қадағалауды - тапсырыс беруші өз бетінше не ұйымдар мен тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырады.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы және автомобиль жолдары саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу бойынша аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдау автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
16-бап. Жол қызметiн лицензиялау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Жол қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың жол қызметiн лицензиясыз не лицензия шарттарын бұза отырып жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
17-бап. Жол қызметiн қаржыландыру
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қаржыландыру жол жүрiсi қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау және автокөлiк тасымалдарын қамтамасыз ету талаптары негiзге алына отырып, оларды жөндеу мен күтiп ұстауды қамтамасыз ететiн бекітілген нормалар бойынша жүзеге асырылады және бюджет заңдарымен белгiленедi.
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ жаңа редакцияда
1-1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарын орындауға байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Шаруашылық автомобиль жолдарын дамыту, жөндеу және күтiп ұстау осы жолдар қарауына жататын ұйымдар мен жеке адамдардың қаражаттары есебiнен қамтамасыз етiледi.
4. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Жол органының және оның қызметкерлерiнiң құқықтары
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармағының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жол органы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей зілзалалар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіштік қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жол жүрiсiн шектеуге немесе тоқтатуға, автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауға құқығы бар.
2. Жол органының қызметкерлерi жол элементтерiн бүлдiретiн немесе ластайтын не жүрiп өтуге арнайы рұқсаты жоқ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарын автомобиль жолының көлiк құралдары жүретiн бөлiгiнiң шегiнен шығаруды талап етуге құқылы.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Жол органының және автомобиль жолдарын басқарушылардың жауапкершiлiгi
Жол органы және автомобиль жолдарын басқарушылар:
1) қызмет көрсететiн автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жағдайда күтiп ұсталуы үшiн және табиғат қорғау заңдары талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуi үшiн;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға залалдың орнын толтыра отырып, жол жағдайларына байланысты туындаған жол-көлiк оқиғалары салдарынан келтiрiлген залал үшiн;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң фитосанитариялық жағдайы үшiн жауапты болады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 19-1-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері
Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау, жөндеу) мен пайдалану процестері техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.
19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты барынша шектеу және өзгерту, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары және перспективалы кезеңнен кейін жолды реконструкциялау мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс.
2. Автомобиль жолдарының жобалық шешімдері:
1) көлік құралдарының есептелген жылдамдықпен ұйымдасқан, қауіпсіз қозғалысын;
2) жүргізушілердің көзбен шолып бағдарлау шарттарын сақтауын;
3) қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауіпсіз орналасуын;
4) автомобиль шиналарының жүру жолының беткі қабатына қажетті жанасуын;
5) автомобиль жолдарының, оның ішінде қорғағыш жол ғимараттарымен қажетті жайластырылуын;
6) жол және автокөлік қызметтерін қажетті ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз етуге тиіс.
3. Өндірістік базаларды, жол және автокөлік қызметтерінің ғимараттары мен құрылыстарын жобалау кезінде атмосфералық ауадағы, су объектілеріндегі және топырақтағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті концентрациясының сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленуге және жүзеге асырылуға тиіс.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген кезде жол және жол қозғалысының:
1) адамдарға және қоршаған ортаға;
2) табиғат көріністеріне, жолдағы объектілерге және тарихи-мәдени мұраға тікелей және жанама әсерін бағалау қажет.
Автомобиль жолдарын салғанда және реконструкциялағанда қолданылуы бойынша Қазақстан Республикасында белгіленген ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттар жасалмаған жаңа технологиялар мен материалдарды пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген жол қызметі саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының сараптамалық қорытындысы негізінде рұқсат беріледі.
5. Жолдарды жобалау кезінде жол белгілерін оларды орнататын орындар мен орнату әдістерін көрсете отырып, орналастыру схемасын және жолды белгілеу схемасын әзірлеу қажет.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Автомобиль жолдарын жобалау жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
6. Автомобиль жолдарын жобалау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
19-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жобалау-сметалық құжаттаманың, осы Заңның, Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қолдану қажет. Жұмыс жүргізу әдістерін және механикаландыру құралдарын таңдау кезінде тиісті санитарлық нормаларды, атмосферадағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті нормаларын сақтау қажеттігі ескерілгені жөн.
Жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жасыл екпелерді сақтау немесе оларды қалпына келтіру қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Жол жұмысшыларының және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі қозғалысты ұйымдастыру және жұмыстар жүргізілетін орынды қоршау шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етілуге тиіс, олар жұмыстарды жоспарлау барысында қарастырылуға және оларды жүргізу кезінде ұдайы тексерілуге тиіс.
4. Жер төсемін тұрақтандыру мерзімі құрылыстың белгіленген мерзімінен едәуір асып кететін күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда жол салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жол жабындысын сатылап салуды көздеуге рұқсат етіледі.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау жəне жөндеу жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттерде және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында белгіленеді.
19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді