Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңдері үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде 2023 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.
Бонустар төлеу туралы өтініш 2023 жылғы 1 қарашаға дейін беріледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші қайтыс болған жағдайда қызметті бағалау нәтижелері болған кезде мұрагерден өтемақы төлемдері болып табылатын бонустарды төлеу туралы оның (мұрагердің) банктік деректемелері көрсетілген өтініш қабылданады. Аударылған бонустарды мұрагерлер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ала алады.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды
19-2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда 2023 жылғы 1 қаңтардан басталатын жұмыс кезеңі үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
Бонустар төлеу туралы өтініш есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қарашасына дейін беріледі.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Бонустарды төлеу осы Қағидалардың 19-1 және 19-2-тармақтарында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін қорытынды бағалау аяқталған кезден бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
21. Бонустарды есептеген кезде тиісті лауазым бойынша есепті кезеңде жұмыс істеген нақты күндер саны пайдаланылады.
22. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төлеу қызметті бағалау жүргізілген мемлекеттік органда жүзеге асырылады, ал мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған және (немесе) таратылған (қысқартылған) жағдайда азаматтық заңнаманың ережелері қолданылады.
23. Мемлекеттік әкімшілік қызметші есепті кезең ішінде мемлекеттік орган ішінде бір лауазымнан басқа лауазымға немесе бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысқан жағдайда, бонус бұдан бұрын атқарған лауазымы бойынша, сондай-ақ атқарып отырған жаңа лауазымы бойынша есепті кезеңде нақты жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2026.29.01. № 54 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24. Осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепті кезең ішінде лауазымдық айлықақы өзгерген жағдайда бонус есепті кезең ішінде қолданыста болған лауазымдық айлықақының ең үлкен мөлшері негізге алынып есептеледі.
25. Бонустар төлеу туралы шешімді:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мемлекеттік органның басшысы не оны алмастыратын тұлға;
2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мемлекеттік органның басшысы не ол өкілеттік берген мемлекеттік органның аппарат басшысы қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2026.29.01. № 54 Қаулысымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-тармақ жаңа редакцияда
26. Мемлекеттік әкімшілік қызметші бонусының мөлшері мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің есепті кезеңдегі қорытынды бағасының нәтижелері бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусын түзету нәтижесінде айқындалады.
Мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісі бонусының мөлшерін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
БМ = ЛА × 2 × ҚБп × НЖУ, мұндағы:
БМ - бонус мөлшері;
ЛА - тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы;
ҚБп - есепті кезеңде әдістемеге және (немесе) үлгілік әдістемеге сәйкес пайызбен айқындалатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметін қорытынды бағалау нәтижесі;
НЖУ - мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақыты пайызбен.
27-тармақ 2021 ж. 1 шілдеден бастап 2022 ж. 31 желтоқсан аралығындағы құқықтық қатынастарға қолданылды
27. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қойылған түйінді нысаналы индикаторларды орындау пайызы (Тп) мынадай қағидат бойынша айқындалады:
1) «тиімді» деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 80 %-дан 100 %-ға дейінгі деңгейде белгіленеді;
2) «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 60 %-дан 80 %-ға дейінгі деңгейде белгіленеді.
28-тармақ 2021 ж. 1 шілдеден бастап 2022 ж. 31 желтоқсан аралығындағы құқықтық қатынастарға қолданылды
28. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қойылған түйінді нысаналы индикаторларды орындау пайызы (Тп) мынадай қағидат бойынша айқындалады:
1) «өте жақсы» деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 100 % деңгейінде белгіленеді;
2) «тиімді» деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 80 % деңгейінде белгіленеді;
3) «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 60 % деңгейінде белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 28-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады); ҚР Үкіметінің 2026.29.01. № 54 Қаулысымен 28-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметін қорытынды бағалау (ҚБп) нәтижесі пайызбен мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚБ - қорытынды (орташа қорытынды) баға.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2026.29.01. № 54 Қаулысымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 29-тармақ жаңа редакцияда
29. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақыты мына формула бойынша айқындалады:
А - жұмыс уақыты;
В - күнтізбелік жылдағы жұмыс күндерінің саны.
Жұмыс уақыты - жұмыс берушінің актілеріне сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбек міндеттерін орындайтын есепті кезеңдегі уақыт, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, осы Қағидаларға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс берушінің актісімен жұмыс уақытына жатқызылған есепті кезеңдегі өзге де уақыт кезеңдері.
Жұмыс уақыты:
жыл сайынғы кезекті ақылы демалыста болған уақытты;
қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында болған кезеңді;
іссапарда болған кезеңді;
осы мемлекеттік мекемеде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау үстінде жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздік туындап, толық көлемде есепке алынатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 20 күннен аспайтын уақытты (бұл ретте күнтізбелік күндерді есептеу есепті кезеңдегі еңбекке уақытша қабілетсіздік туындаған бірінші күннен бастап жүзеге асырылады);
жалақысы сақталмайтын демалыста болған, бірақ есепті кезеңде күнтізбелік 5 күннен аспайтын уақытты (бұл ретте күнтізбелік күндерді есептеу есепті кезеңдегі жалақысы сақталмайтын демалыстың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады) қамтиды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақытын есептеуді мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге:
1) мемлекеттік әкімшілік қызметшіде және (немесе) жұмыстан шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіде есепті кезеңде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін алынбаған тәртіптік жазасы болса;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес бонустар төлеу басталғанға дейін мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіз болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге және (немесе) қызметтен шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төленбейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төлеу оған қатысты қылмыстық іс бонустар төлеу басталғанға дейін қозғалған жағдайда және қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот актісі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады;
3) есепті кезеңде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметі қанағаттанарлықсыз бағаланған кезде бонустар төленбейді.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 31-тармақпен толықтырылды
31. Ақтап үкім шығарылған немесе қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшіге және (немесе) жұмыстан шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонус олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша төленеді. Бұл жағдайда нақты жұмыс істелген уақыт есепті кезеңдегі қылмыстық іс қозғалған кезден бастап ақтау үкімі шығарылғанға немесе қылмыстық іс тоқтатылғанға дейінгі уақытты да қамтиды.