Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасы (Астана қ., 1999 ж. 22 қазан)

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы
экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасы
(Астана қ., 1999 ж. 22 қазан)

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 22 қазандағы № 1584 қаулысына сәйкес бекітілді

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (одан әрі - "Бағдарлама") екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі келісілген шаралар кешенін қосады.

Бағдарлама 1998 жылғы 24 қазанда Баку қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы Келісімнің 6-бабын іске асыру мақсатында әзірленген және интеграциялық және кооперациялық байланыстарды кеңейтуге бағытталған.

I. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Осы Бағдарлама сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дәйекті түрде кеңейтуді, экономиканық жетекші салаларына ғылыми-техникалық прогресті енгізуді, Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы халықтарының рухани-мәдени мұқтаждарын қанағаттандыруды мақсат тұтады.

Бағдарламаны іске асыру мына мәселелерді шешуге бағытталған:

сауда-экономикалық қатынастарды тең құқылы және өзара пайдалы шарттарда одан әрі дамыту;

банк аясындағы ынтымақтастықты кеңейту және несие-қаржы қатынастарын жетілдіру;

қор рыноктарын дамыту жөнінде өзара іс-қимыл жасау;

жекелеген үкіметаралық жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыру, меншіктің әр түрлі түрлері мен нысандарында бірлескен кәсіпорындар, қаржы-өнеркәсіптік топтар, халықаралық консорциумдар құру;

сыртқы экономикалық қызмет саласындағы ынтымақтастық;

Каспий теңізінің биологиялық жүйесін сақтау және суды қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту және табиғи зілзалалар мен апаттардың зардаптарын жою жөніндегі келісілген шараларды жүзеге асыру;

Ақтау-Баку қалаларының порттары арқылы паром өткелдерін қалпына келтіру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.