Қазастан Республикасының Үкіметі мен Қытай халық Республикасының Үкіметі
арасында табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды
болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы
келісім
(Астана қ., 2001 ж. 12 қыркүйек)
ҚР 02.05.03 ж. № 421-II Заңымен Келісім бекітілді
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі
Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісім жасасуды ниет ете отырып,
төмендегiлерге келiстi:
Келісім қолданылатын тұлғалар
Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнің де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
Келісім қолданылатын салықтар
1. Осы Келісім, Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның жергiлiктi өкiмет органдарының атынан алатын табысқа салынатын салықтарға оларды алу әдiсiне қарамастан қолданылады.
2. Табысқа салынатын салықтар деп жылжитын немесе жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсуiнен алынатын салықтарды қоса, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жеке элементтерiнен алынатын барлық салықтың түрi есептеледi.
3. Осы Келісім қолданылатын қазiргi салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:
а) Қытайда:
(i) жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
(ii) шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорындардан және шетелдiк кәсiпорындардан алынатын табыс салығы;
(бұдан әрi - «Қытай салығы» деп аталады);
b) Қазақстанда:
(i) заңды тұлғалардың табысына салынатын салық;
(іі) жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
(бұдан әрi - «Қазақстан салығы» деп аталады).
4. Осы Келісім сондай-ақ Келісімге қол қойылған күннен кейiн қолданылып жүрген салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын кез келген ұқсас немесе iс жүзiндегі осындай салықтарға қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыреттi органдары өздерiнің тиiстi салық заңдарына енгiзiлетiн кез келген елеулi өзгерістер туралы осындай өзгерістерден кейiн оларға сәйкес келетiн уақыт кезеңi iшiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отырады.
Жалпы анықтамалар