Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Yкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісім (Астана қ., 2001 жылғы 16 қарашада)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Yкіметi
арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы
келісім
(Астана қ., 2001 жылғы 16 қарашада)

 

ҚР 2003 жылғы 5 қарашадағы № 492-ІІ Заңымен келісім бекітілді

2011 жылғы 11 қазанда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында,

Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi, тауарларды және жануарларды өткізудiң тәртібін жетiлдiрудiң қажеттiгiн басшылыққа ала отырып,

заңсыз көшi-қонды, қарудың, есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың контрабандасын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ жұқпалы аурулар мен індеттiң алдын алу жөнiнде бiрлескен әрi уақытылы шаралар қабылдау қажеттiгiн тани отырып,

төмендегiлер туралы келiстi:

 

 

1-бап

Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасынан адамдардың және көлiк құралдарының өтуi, сондай-ақ жүктердiң, тауарлардың және жануарлардың тасымалдануы үшiн Тараптар мемлекеттік шекара арқылы екi жақты өткізу пункттерiн (бұдан әрi - өткізу пункттерi деп аталатын) орнатады.

Өткізу пункттерiнiң тiзбелерiн Тараптар дипломатиялық арналар бойынша келiседi және хаттамалармен ресiмдейдi, олар осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын болады.

Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық және кедендiк ведомстволарының келісімi бойынша және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің азаматтарын жеңiлдетiлген сипатта өткiзетiн пункттер орнатылуы мүмкiн.

2-бап

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының автомобильдiк өткізу пункттерiнен адамдардың өтуi көлiк құралдарын пайдалану арқылы немесе жаяу жүзеге асырылады.

3-бап

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.