Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1963
қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 1795 қаулысының күшi жойылды деп тану
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 қарашадағы
№ 1527 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1963 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 56, 631-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 3-қосымшада:
"Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету" салалық секторы мен реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын;
"Барлығы" деген жолда:
6-бағандағы "1341,60" деген сан "1338,60" деген санмен ауыстырылсын; "Заемды игеру" деген жолдағы 10-бағандағы "364,82" деген сан "361,82" деген санмен ауыстырылсын;
"Кепiл мөлшерi" деген жолдағы 9-бағандағы "168,00" деген сан "165,00"деген санмен ауыстырылсын.
2. "Анкара қаласында (Түркия Республикасы) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiк ғимараты кешенiн салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 1795 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |