Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар мен бірыңғай байланыс пункті ретінде белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 1634 қаулысы (2006.28.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар мен бірыңғай байланыс пункті ретінде белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 1634 қаулысы

(2006.28.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 маусымда № 364 Қаулысымен күші жойылды

 

Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) 17-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 922 ; 2006.28.04. № 340 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар;

2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсетілген конвенцияның мақсаттары үшін бірыңғай байланыс пункті ретінде белгіленсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев