Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын,
72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми
түсiндiру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001 ж. 13 желтоқсандағы № 19/2 қаулысы
(2017.17.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлдерi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнің депутаты Х.Д.Көшқалиевтің және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісi аппаратының Заң шығару және мониторинг орталығының директоры Қ.Т.Жақыпбаевтың;
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi В.К.Фоостың;
Қазақстан Республикасы әдiлет вице-министрi А.Н.Котловтың қатысуымен,
өзiнің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру жөніндегі өтiнішін қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар - Конституциялық Кеңестің мүшелерi А. Есенжанов пен А.К.Котовты, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру жөніндегі өтiнiшi келіп түстi.
Өтiнiш субъектiсi бұл ретте мынаны түсiндiрiп берудi сұрайды: