1972 жылғы контейнерлерге Қатысты
кеден Конвенциясы
(Женева, 1972 ж. 2 желтоқсан)
ҚР 2002 ж. 6 мамырдағы № 319-ІІ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға қосылды
Кiрiспе
Уағдаласушы Тараптар,
Халықаралық контейнерлiк тасымалдауларды кеңейтуге және жеңiлдетуге ниет бiлдiре отырып,
Мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Конвенцияны қолдану кезiнде:
а) "Әкелу баждары мен алымдары" терминi жүктердi әкелу кезiнде немесе әкетуге байланысты, бiрақ көрсетiлген қызметтердiң шамамен алғандағы құнына дейiнгi көлемi бойынша шектелген сомалар мен алымдарды шығарып тастай отырып алынатын кедендiк баждар мен барлық басқа баждарды, салықтарды, алымдарды және басқа да сомаларды бiлдiредi;
b) "Уақытша әкелу" терминi кейiн әкетуi шартымен кедендік баждар мен алымдарды төлеуден босату арқылы және импорттық тыйым салулар мен шектеулер қолданылмастан уақытша әкелудi бiлдiредi;
с) "Контейнер" терминi:
i) оған жүктердi орналастыру үшiн арналған толық немесе iшiнара жабық ыдысты бiлдiретiн;
ii) тұрақты сипаты бар және осыған байланысты көп мәрте пайдалану үшiн қызмет ететiндiктей жеткiлiктi мөлшерде берiк;
ііі) жүктердi көлiктің бiр немесе бiрнеше түрiмен аралық қайта тиеусiз тасымалдауды оңайлату үшiн арнайы конструкцияланған;
iv) оны қайта тиеу, атап айтқанда көліктің бiр түрiнен екiншiсiне, жеңiл болатындықтай тұрғыда конструкцияланған;
v) оны тиеу мен түсiру жеңiл болатындай тұрғыда конструкцияланған;
vi) ішкi көлемi кемiнде бiр текше метр болатын көліктiк жабдықтарды (тор, алмалы-салмалы цистерна немесе осындай керек-жарақ) бiлдiредi;
"контейнер" терминi мұндай керек-жарақтар мен жабдықтардың контейнермен бiрге тасымалдануы шартымен контейнердiң осы түрi үшiн қажеттi контейнердің керек-жарақтары мен жабдықтарын қамтиды. "Контейнер" терминi көлiк құралдарын, көлiк құралдарының керек-жарақтарын, қосалқы бөлшектерiн және орамды қамтымайды;
d) "Iшкi тасымалдаулар" терминi аталған мемлекеттiң аумағында тиелген және сол мемлекеттiң аумағында түсiруге жататын жүктердi тасымалдауды білдіредi;
е) "Тұлға" терминi жеке де заңды да тұлғаны білдiредi;