Терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы (Шанхай, 2001 ж. 15 маусым) (2003.05.09. берілген өзгерістермен)

Терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай
конвенциясы
(Шанхай, 2001 ж. 15 маусым)
(2003.05.09. берілген өзгерістермен)

 

Келісім ҚР 2002 ж. 18 сәуірдегі № 316-ІІ Заңына сәйкес бекітілді

2014 жылғы 12 сәуірде күшіне енді

 

Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы (бұдан әрi - Тараптар),

ең алдымен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) жарғысындағы халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды және ынтымақтастықты дамыту мақсаттары мен принциптерiн басшылыққа ала отырып;

терроршылдықтың, сепаратизмнiң және экстремизмнiң халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға, сонымен қатар адамның негiзгi құқықтары мен бостандығын жүзеге асыруына қауiп-қатерiн сезiне отырып;

аталған құбылыстар Тараптардың аумақтық тұтастығы мен қауiпсiздiгiне, сондай-ақ олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтарына айтарлықтай қаупiн мойындай отырып;

1998 жылғы 3 шiлдедегi Алматыдағы бiрiккен мәлiмдеменiң, 1999 жылғы 25 тамыздағы Бiшкек декларациясының, 2000 жылғы 5 шiлдедегi Душанбе декларациясының және 2001 жылғы 15 маусымдағы «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құру жөніндегі декларацияның принциптерiн басшылыққа ала отырып;

терроршылдықтың, сепаратизмнiң және экстремизмнiң, осы Конвенцияда анықталғандай, олардың себептерiне қарамастан, ешқандай жағдайда ақталмайтындығына, ал осындай әрекеттердiң жасалғанына айыпты адамның мiндеттi түрде заңға сәйкес жауапқа тартылатынына берiк сенiм бiлдiре отырып;

осы Конвенция шеңберiнде Тараптардың бiрiгiп күш жұмсауы терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күресудiң тиiмдi нысаны екенiне сенiм бiлдiре отырып,

төмендегiлермен келiседi:

1-бап

1. Осы Конвенция мақсаттары үшiн қолданылатын терминдер:

1) «терроршылдықты»:

а) осы Конвенция қосымшасында тiркелген (бұдан әрi - Қосымша) шарттарда және де осы шартта анықталғандай қылмыс ретiнде саналатын қандай да болсын әрекеттi;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.