Ардагерлер ұйымдарымен және жекелеген ардагерлермен жұмыс. Қазiргi уақытта ардагерлер ұйымдары Қарулы Күштерде жүргiзiлiп жатқан ақпараттық-насихаттық және тәрбиелiк жұмыстарға белсендi қатысуда. Осы жұмысты одан әрi жалғастырып және жандандырып, оның мынадай аспектiлерiне назар аудару қажет:
- Әскери қызмет ардагерлерiн қолдау, соның iшiнде материалдық жағынан да. Осы шара ұрпақтар сабақтастығын көрсетедi, бұрынғы және қазiргi әскери қызметшiлердiң қоғамға қажеттiлiгiне сенiмдiлiгiн ұялатуға мүмкiндiк бередi.
- Өткiзiлетiн iс-шараларға шақыру. Осы шараның жас әскери қызметшiлер үшiн тәрбиелiк маңызы зор.
- Соғыс ардагерлерiн қамқорлыққа алу. Осы жұмысқа ардагерлер туралы деректер банкiн құруды, оның iшiнде олармен хат алысуды қамтуы тиiс.
Кәсiпорындар мен мекемелердi қамқорлыққа алу.
Осындай iс-шаралар оң беделдi қалыптастырып қана қоймай, БАҚ-ты тиiстi ақпаратпен қамтамасыз етiлген кезде оң көзбен қабылдаудың тұрақтылығын және жақсы атақ қалыптастырады.
Бұл жұмыстың басқа түрлерi болып алғашқы әскери немесе кәсiби дайындық сабақтары және басқа да нысандардағы өнегелi iс-шараларға шақыру түрiнде болатын орта оқу орындары мен балалар үйлерiн қамқорлыққа алу. Әскери қызметшiлермен тiкелей араласу олармен ынтымақтастық жастар арасындағы Қарулы Күштер туралы қалыптасқан келеңсiз көзқарастар стереотипiнiң жойылуына, әскери қызмет өткеруге қызығушылықтың өсуiне ықпал жасайтын болады.
Бөлiмдер, ұйымдардың мұражайларын құру. Қарулы Күштердiң беделiн нығайту жөніндегі жұмыстың маңызды бағыты мемориалдық жұмыс болуға тиiс. Ол ұйымшылдық, сабақтастық рухын құруға ықпал етедi және тәрбиелiк маңызы зор. Әскер түріндегі әрбiр бөлiмшеде, жергiлiктi ауқымда болса да, маңызды нәтижелерге қол жеткiзген, өмiрде мол табыстарға ие болған есiмдерi аңызға айналған адамдар бар. Сондықтан, мұражайлар, тарих және жауынгерлiк даңқ бөлмелерiн жасақтау мен жалпыға қол жетерлiк Естелiк кiтаптарын, стендтер дайындау және басқа да осындай iс-шараларды жүргiзудi жандандыру қажет.
Кәсiби мерекелерге байланысты салтанатты іс-шаралар өткізу. Iс жүзiнде, әскердiң кез келген түрiнде кәсiби мереке күндерi бар, оларды ақпараттық-насихаттық жұмыста белсендi пайдалану қажет. Мұндай iс-шаралар ұйымшылдық, сабақтастық рухын нығайтуға, оң бедел қалыптастыруды, сондай-ақ, жергiлiктi халықпен, БАҚ-пен тығыз байланыстар орнатуға ықпал етедi. Бұл түрлi әскерлер күнi, бөлiмдер күнi, ашық есiктер күнi және т.б. шаралар болуы мүмкiн. Әскери шерулер мен байқаулар да осы жұмыстың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады.
Атрибутика. Тиiстi атрибутика (бөлiм туы, айырым белгiлерi және т.б.) әскери мамандықтың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Осыған орай ерекше белгiлердi әзiрлеу кезiнде тарихи негiздер мен қазiргi заманның әрлендiру талаптарын және басқа факторларды ескеретiн бiрыңғай республикалық таңбатану қызметiн құру қажет. Айырым белгiлерi, сонымен қатар әскери мамандықтың беделiн, ұйымшылдығын нығайтуға, әскери қызмет мақтанышын нығайтуға ықпал етедi. Әрбiр әскери бөлiмде оған деген құрмет, мақтаныш болуы үшiн осындай атрибутиканы жасауға барынша ықпал ету қажет.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралар. Қарулы Күштердiң қашанда мықты спорттық дәстүрлерi болатын және оны жан-жақты қолдау әрi дамыту қажет. Көп адамдар, әсiресе жастар мен БАҚ өкiлдерi шақырылатын әртүрлi спорт жарыстарын өткізуге жәрдемдесу қажет. Спорт басқа iс-шараларға қарағанда кеңiнен танылуға және оң бедел қалыптастыруға жақсы ықпал етедi.
Қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс. Қазiргi демократияландыру жағдайында қызмет саласы Қарулы Күштердiң мүдделерiн қозғайтын көптеген қоғамдық ұйымдар жұмыс iстейдi. Кейбір жағдайларда олардың мүдделерi сәйкес келмеуi, тiптi қайшы келуi мүмкiн, мысалы экология және басқа салаларда. Әдетте, осындай тартыстарда өздерiнiң жабықтығы, қоғамдық пiкiрмен жұмыс iстей алмауы себептi Қарулы Күштер ұтылып қалады. Мұндай жағдайларда осы ұйымдармен белсендi ынтымақтастық орнатып, оларды ашық ақпаратпен қамтамасыз етiп, өзара тұрақты пiкiр алмаса отырып жұмыс iстеу керек.
Бұдан басқа, өзiнiң бағытына қарай Қарулы Күштермен белсендi жұмыс iстеп отырған ұйымдар да бар. Олар барынша қолдау көрсетудi қажет ететiн ардагерлер, спорттық, әскери-патриоттық және басқа да қоғамдық ұйымдар.
5.4. Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар
Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар кең аудиторияға және БАҚ-та жария етуге лайықталған, сондай-ақ ақпараттық кеңiстiктi құру жөніндегі шаралар кешенiн қамтиды.
Өз БАҚ-ын құру және қолдау. Кәсiби бұқаралық ақпарат құралдары ұйымның маңызды нышаны ғана емес, сондай-ақ, оқырмандарды кеңiнен ақпараттандыруға, ұйымшылдық рухын қалыптастыруға ықпал етедi.
Веб-сайттарды құру. Қазiргi жағдайда жұртшылықты ақпараттандырудың маңызды көзiнiң бiрi-веб-сайттар құру болып табылады. Веб-сайттарда графикалық және көрнекiлiк сапасы жоғары деңгейдегi күнделiктi, талдау және ақпараттық, танымдық материалдарды (мысалы, әскер түрiнiң тарихы, таңбатану және т.б.) орналастыруға болады.
БАҚ-пен жұмыс. Қазiргi уақытта Қазақстанда әскери қызмет тақырыптарымен белсендi жұмыс iстейтiн немесе оларға қызығушылық танытатын көптеген БАҚ-тар бар. Осыған орай баспасөз релиздерiн, ақпараттық, талдау және басқа да материалдарды дайындау және оларды БАҚ-та тарату жөніндегі баспасөз қызметтерiнiң жұмысын жандандыру талап етiледi.
Жұмыстың неғұрлым тиiмдi болуы үшiн БАҚ-тарға берiлетiн материалдардың өзектiлiгi мен уақытпен үндесiп жатуын қамтамасыз ететiн перспективалық күнтiзбелiк жоспарлар әзiрлеу қажет.
Аккредитация, брифинг және баспасөз конференцияларын, өткізу баспасөз релиздерiн, фото және бейне материалдар, жұмыс iстеп жатқан бөлiмдер мен бөлiмшелерге барып баспасөз турларын өткізу сияқты ынтымақтастықтың дәстүрлi нысандары БАҚ-пен жұмыс iстеудiң маңызды түрлерi болып табылады.
Әлеуметтiк бейне- және аудио роликтер. Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға, қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға бағытталған әлеуметтiк бейне- аудио роликтердi теледидар мен радио арқылы тарату ақпараттық-насихаттық жұмыстың маңызды бiр бөлiгi болып табылады.
Көрнекi бұқаралық насихат. Ақпараттық насихаттық жұмыста плакаттар, күнтiзбелер, билбордтар және тағы басқа осындай қазiргi заманғы және дәстүрлi көрнекi үгiт және насихат құралдарына баса назар аудару қажет.
Арнайы әдебиет шығару. Ақпараттық-насихаттық жұмыстың маңызды бөлiгi - жаппай пайдаланушыларға лайықталған арнайы әдебиет шығару болуы тиiс. Бұл Қарулы Күштердiң тарихы туралы, әскер түрлерi, әйгiлi тұлғалар, айырым белгiлерi және әскери таңбатану және тағы басқа көптеген әскери-патриоттық, ғылыми-көпшілік басылымдар болуы мүмкiн.
5.5. Тәрбие, әлеуметтiк-құқықтық жұмыс және
жұртшылықпен байланыс құрылымдарының кадрлық және
ғылыми-әдiстемелiк әлеуетiн нығайту
Жеке құраммен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтiң кадрлық және ғылыми әдiстемелiк әлеуетiн нығайту жөніндегі тұрақты жұмыс Бағдарламаны iске асырудың басым бағыты болып саналады.
Мамандарды тарту ғылыми және оқу орындарының әлеуеттерiн пайдалану арқылы ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарын жүргiзудiң ғылыми негiзделген әдiстемелерiн жасау қажет. Жеке құраммен және жұртшылықпен байланыс жұмысы қызметтерiн ұйымдастыру ақпараттық-насихаттық жұмысты жүргiзу жөнiнде әдiстемелiк басшылық және арнайы құралдар әзiрлеу талап етiледі.
Тәрбиелiк әрi әлеуметтiк-құқықтық жұмыс және жұртшылықпен байланыс құрылымдары қызметкерлерi үшiн ведомствоаралық семинарлар, кеңестер, біліктiлiктi арттыру курстарын тұрақты ұйымдастыру қажет. Әскери оқу орындарында және Қарулы Күштерде бөлiмшелер командирлерiнiң тәрбие әрi әлеуметтiк-құқықтық жұмыс, әлеуметтiк-психологиялық қызметтер жөніндегі орынбасарларын даярлау жөніндегі факультеттер ашу қажет.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен iске асырылатын болады.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIКТЕРI
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмысының бiрыңғай жүйесiн құруға, әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған.
Бағдарламаның iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң ?кіметтiк ақпараттық бөлiмiне және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жүктеледi.
Бағдарламаны iске асыру үшiн жұмыстың көзделген бағыттары бойынша iс-шаралардың нақты жоспарлары әзiрленетiн болады.
Мемлекеттік органдардың басшылары Бағдарламаны iске асыру жөніндегі жоспарлардың сапалы әрi уақытылы орындалуына жауап бередi.
Бағдарлама iске асырылған жағдайда:
қоғамдық санада Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң беделi жақсарады;
Қарулы Күштер мен әскери кәсiптiң беделiн нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстың тиiмдiлiгi артады;
Қарулы Күштер және құқық қорғау органдарында тиiстi институттар құрумен бiрге ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарының жүйесi қалыптастырылады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралардың кешенi жүзеге асырылады;
Қарулы Күштердiң, құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен, нысаналы аудиториялармен (топтармен) өзара тиiмдi iс-қимылы мен ынтымақтастығы жөніндегі шаралар әзiрленедi және iске асырылады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн арттыру мен нығайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
9. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
ҚР Үкіметінің 03.04.04 ж. № 272 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен жоспар өзгертілді