Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарын санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Минск қ., 2001 ж. 31 мамыр)

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарын
санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
(Минск қ., 2001 ж. 31 мамыр)


Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 31 қаңтардағы № 112 қаулысына сәйкес бекітілді

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер Үкiметтерi

Келісімге қатысушы-мемлекеттер халқы үшiн аса қатер төндiретiн карантиндiк және өзге де аса қауiптi жұқпалы аурулардың әкелiнуi мен таралуының алдын алудағы келісімнiң маңыздылығын тани отырып,

денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру мен кеңейту және Тараптар мемлекеттерi аумақтарын санитарлық қорғау және эпидемияға қарсы әрi санитарлық-гигиеналық мемлекеттік iс-шаралар үйлестiрудi қамтамасыз ету ынтасын басшылыққа ала отырып,

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі келісім-шарттар мен шаруашылық және сауда байланыстарын дамытуды жүзеге асыру кезiнде Тараптар мемлекеттерi аумақтарын халық денсаулығы үшiн ықтимал қауiптi тауарлар мен жүктердiң әкелiнуi мен сатылуынан өзара қорғау мүддесiне орай,

төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

Тараптар Карантиндiк және өзге де жұқпалы аурулар тiзбесi мен Санитарлық-карантиндiк бақылауға жататын тауарлар мен жүктердiң тiзбесiне (1 және 2-қосымшалар) сәйкес Тараптар мемлекеттерi шекарасындағы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылау жөніндегі қажеттi iс-шараларды жүргiзетiн болады. Тiзбенің деректерi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесiнің шешiмi бойынша өзгеруi мүмкiн. Тауарлар мен жүктердi санитарлық-карантиндiк бақылау бойынша шығыстар қабылданған ұлттық тарифтерге сәйкес айқындалады.

2-бап

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.