ҚР Үкіметінің 2006.30.11. № 1156 қаулысымен 27-қосымшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
27-қосымша
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне үнемдеу
есебінен сыйлықақы беру жұзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін
және үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесi
Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу мынадай шығыс түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30% асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
ел ішіндегі іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу;
коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
байланыс қызметіне ақы төлеу;
көлік қызметіне ақы төлеу;
электр энергиясына ақы төлеу;
жылуға ақы төлеу;
ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, оларды ағымдағы жөндеу;
өзге де қызметтер;
өзге де ағымдағы шығыстар;
2) қаржыландыру жоспары боынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
негізгі жалақы;
өтемақы төлемдері;
әлеуметтік салық;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
қосымша ақшалай төлемдер.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жұмсауға жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2006.30.11. № 1156 қаулысымен 28-қосымшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
28-қосымша
Қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы
беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және үстемеақы
белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесi
Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу мынадай шығыс түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) смета бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30% асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
іссапар шығыстары;
коммуналдық қызметтер;
электр энергиясы;
жылу;
байланыс қызметтері;
көлік қызметтері;
негізгі қорларды ағымдағы жөндеу;
негізгі құрал-жабдықтар бойынша жалгерлік ақы;
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу шығыстары;
2) смета бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде мынадай шығыс түрлері бойынша:
жалақы;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша смета бойынша үнемделген қаражатты сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жұмсауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерiне
енгiзiлетін өзгерістер мен толықтыру
1. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2008.25.01. № 69 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы» және Патронат туралы ережелердi және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 46, 418-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Патронат туралы ережеде:
2-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Патронаттық тәрбиешiлердiң еңбегiне ақы төлеу шарттары заңнамаға сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелерi тәрбиешiлерiнің еңбегiне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады».
4. «Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы № 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 9, 70-құжат):
5-тармақтың екiншi абзацындағы «профессор-оқытушылар құрамының еңбекақы қорына 1,75 коэффициентiн қолдана отырып, жеке нормалар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
5. "Базалық лауазымдық жалақының мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1607 қаулысына: