Ескертпе.
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің және қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше кауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін екі (немесе одан да көп) негіздер бойынша: туберкулез емдеу-алдын алу мекемелерінің палаталарының, бөлімшелерінің, интернат-үйлерінің медицина және өзге де персоналына - БЛЖ-дан 70% мөлшерінде, мамандандырылған емдеу алдын алу, ұйымдарының (маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу палаталарының, бөлімшелерінің) қызметкерлеріне БЛЖ-дан 40% мөлшерінде, 20%-дан 22%-ке дейін қосымша ақы көзделетін басқа да ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерде - БЛЖ-дан 23% мөлшерінде қосымша ақылар белгіленеді.
2. Медицина қызметкерлеріне кезекшілікте болғаны үшін еңбекақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізіледі. Кезекшілікті ұйымдастыру және оған ақы төлеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.
3. Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары жүйесінің, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің, Қорғаныс министрлігі жүйесінің, Республикалық ұланның мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атағы жоқ медициналық қызметкерлеріне, білім және ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының медицина және ғылыми қызметкерлеріне қолданылады.
4. Медицина қызметкерлерінің біліктілік санаты үшін қосымша ақы ставкаға сәйкес, алайда бір толық ставкаға белгіленген мөлшерден аспайтын көлемде пропорционалды төленеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
7-қосымша
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен 7-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 27.01.04 ж. № 89 қаулысымен 7-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік мекемелерінің және қазыналық
кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін төленетін қосымша
ақылар