ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің өндірілуі мен олардың айналымын кедендік және салықтық бақылау туралы келісім (Алматы қ., 2002 ж. 30 наурыз)

ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь,
құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен олардың
айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы
келісім
(Алматы қ., 2002 ж. 30 наурыз)

 

Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 13 ақпандағы № 153 қаулысына сәйкес бекітілді

2003 ж. 26 ақпанда күшіне енді

 

Осы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы (Астана қ., 2005 ж. 23 наурыз) қара

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң үкiметтерi, Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен олардың айналымын реттеу қажеттілігiн тани отырып,

1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдердi негiзге ала отырып және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шарттың, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың ережелерiн ескере отырып,

этил спиртiн, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiн өндiру мен оның айналымы саласындағы тиiстi мемлекеттік реттеудi қамтамасыз ету қажеттілігiн басшылыққа ала отырып, Тараптар мемлекеттерiнiң экспорттық-импорттық операцияларына салықтық және кедендiк бақылауды жетiлдiру, салық және кеден органдарының арасында ақпарат алмасу мақсатында,

мыналар туралы келiстi:

1-бап

Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн «Этил спиртi, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерi» ұғымы Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес жанама салықтар (акциздер және ҚҚС) белгiленген этил спиртi, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiн бiлдiредi.

Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн этил спиртi, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң айналымы тiркесiнде көрсетiлген тауарлар түрлерiн Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына әкелу, аумағынан әкету және аумағы арқылы тасымалдау, сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшектеп сату түсiндiрiледi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.