Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу
мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 бұйрығы
(2010.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 24 мамырдағы № 194 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметін жетілдіру мен қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің ҚАЖ Комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап іске енеді.
Министр