Ескертпе*: 2008-2010 жылдарға арналған қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен 5-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
2005 жылға дейінгі кезеңде Бағдарламада сумен жабдықтаудың жай-күйінің, судың сапасының, ауыз сумен жабдықтау көздерінің одан әрі төмендеуін тоқтату, суға қол жетімділікті қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау мен жақсарту мақсатында саланы дамыту жөніндегі жоспарлы жұмысты бастау көзделген.
Бағдарламаны одан әрі іске асыру халықтың сапалы ауыз суға қол жетімділігін арттырады, ол ел халқының денсаулығына оң әсерін тигізеді, сондай-ақ республикада сумен жабдықтауға арналған жабдықты, құралдар мен қосалқы бөлшектерді шығару жөніндегі салалық базаларды, жаңа технологиялық өндірістерді дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады.
Бағдарламаның іс-шаралары тұтастай халық саны шамамен 6,4 млн. адамы бар және 8,5 млн-нан асатын қала халқы бар Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асыра отырып, одан әрі дамытылатын барлық ауылдық елді мекендер қамтылатын болады.
Бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыру мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
халықты қажетті мөлшерде және кепілдік беретін сапада ауыз сумен орнықты қамтамасыз етуге;
ауыз сумен жабдықтауды жақсартуды қажет ететін 7231 ауылдық елді мекенді, 174 кентті және 86 қала мен кіші қалаларды толық қамту үшін жүйелер мен құрылыстар салуға және қайта жаңартуға;
халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізуін ұлғайтуға, ол халықтың сумен қамтамасыз етілу деңгейін тұтастай 80%-ға арттырады;
суды орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен пайдаланатын халықтың санын тұтастай ел бойынша 20-25%-ға, ал жекелеген өңірлер бойынша 40%-ға және одан жоғары арттырады;
санитарлық ережелерді және ауыз су сапасы стандартының нормаларын толық сақтауды қамтамасыз ету жолымен су көздерінің және сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыруға;
ауыз суға жарамды сапалы жергілікті жер асты суларын барынша пайдалану және ауыз суын тасып жеткізуді ұйымдастырудан қол үзуге;
жай-күйі негізінен алғанда химиялық және бактериялық ластанумен сипатталатын жер үсті көздерінің суын ауыз суы мақсаттары үшін орталықтандырылмаған пайдалануды болдырмауға;
берілудің су факторына байланысты халықтың жіті ішек жұқпалары тобы бойынша, А вирустық гепатиті бойынша сырқаттануын 80-90%-ға төмендету, бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге;
қосымша жұмыс орындарын ашуға;
сумен жабдықтау көздеріне келеңсіз экологиялық ықпал етуді болдырмауға;
жекелеген өңірлер мен өзен бассейндері бойынша ауыз су сапасына мониторингтің жедел жүйелерін құруға;
құрылыста, ауыз суды тазалау және дайындау жүйелерінде жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу, сондай-ақ бірқатар жағдайларда сумен жабдықтау көздерін баламалы көздерге ауыстыру жолымен берілетін судың бір текше метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудегі оң өзгерістер өмір сүрудің қанағаттанарлық әлеуметтік-тұрмыстық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын туғызады әрі сайып келгенде, ел халқының денсаулығына және рухани салауаттылығына оң ықпал етеді.
ҚРYкіметінің 2006.22.08. № 799 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-қосымша. ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚРYкіметінің 2006.22.08. № 799 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-қосымша. ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚРYкіметінің 2006.22.08. № 799 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары