Ұшу-сынақ полигондары мен «Байқоңыр» кешені жанында орналасқан аудандарда тұратын азаматтарды әлеуметтік қолдауды айқындау мәселесін қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 ж. 25 ақпандағы № 10-ө өкімі (күші жойылды)

Ұшу-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" кешені жанында орналасқан аудандарда
тұратын азаматтарды әлеуметтік қолдауды айқындау мәселесін қарау
жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2002 ж. 25 ақпандағы № 10-ө өкімі

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадғы № 1176 қаулысымен осы өкімнің күші жойылды

1. Ұшу-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" кешені жанында орналасқан аудандарда тұратын азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Өтеулина                  - Қазақстан Республикасының Еңбек
Хафиза Мұхтарқызы           және халықты әлеуметтік қорғау
                            вице-министрі, жетекші;
Аймақов                   - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Жаңабекұлы         Экономика және сауда вице-министрі,
                            жетекшінің орынбасары;
                 Жұмыс тобының мүшелері:
Әбдіғалиева               - Қазақстан Республикасының Әділет
Гүлнар Аманжолқызы          министрлігі Халықаралық құқық және
                            мемлекеттің мүліктік құқықтарын
                            қорғау департаментінің директоры;
Әбдіқалықова              - Қазақстан Республикасының Еңбек
Гүлшара Наушақызы           және халықты әлеуметтік қорғау
                            министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру
                            және әлеуметтік көмек көрсету
                            департаментінің директоры;
Аймағамбетов              - Қазақстан Республикасының Премьер-
Көпжасар Төленұлы           Министрі Кеңсесінің Экономика бөлімі
                            әлеуметтік кепілдіктер секторының
                            меңгерушісі;
Әйтекенов                 - Қазақстан Республикасының Табиғи
Қайрат Медібайұлы           ресурстар және қоршаған ортаны
                            қорғау министрлігі Қоршаған ортаны
                            қорғау комитеті төрағасының
                            міндетін атқарушы;
Бәкір                     - Қазақстан Республикасының
Әбдіжәлел Қошқарұлы         Парламенті Мәжілісінің депутаты
                            (келісім бойынша);
Белоног                   - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович      Денсаулық сақтау вице-министрі,
                            Қазақстан Республикасының Бас
                            мемлекеттік санитарлық дәрігері;
Зейнуллин                 - Қазақстан Республикасы Білім және
Әбдікәрім Әбжәлелұлы        ғылым министрлігінің Ғылым департаменті
                            директорының орынбасары;
Кәрібайұлы                - Қазақстан Республикасының
Жандар                      Парламенті Сенатының депутаты
                            (келісім бойынша);
Коржова                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна           вице-министрі;
Қосынов                   - Қазақстан Республикасының
Алмас Олжабайұлы            Энергетика және минералдық ресурстар
                            министрлігі Аэроғарыш
                            комитетінің төрағасы;
Қуандықов                 - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;
Болатбек Баянұлы
Литвинов                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Михаил Константинович       министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер
                            Достастығы істері жөніндегі комитеті
                            Екі жақты ынтымақтастық
                            басқармасының бастығы;
Нұрғалиев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ерғазы Мейірғалиұлы         "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы
                            арнаулы өкілі (келісім бойынша);
Поспелов                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Николай Николаевич          министрінің орынбасары;
Пірімбетова               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сәуле Марланқызы            Министрінің Кеңсесі Сыртқы
                            байланыстар бөлімінің консультанты;
Шаекин                    - Қазақстан Республикасының
Рауан Михайлович            Парламенті Мәжілісінің депутаты
                            (келісім бойынша).

2. Жұмыс тобы ұшу-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" кешені жанында орналасқан ауданда тұратын азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2002 жылдың сәуірінде ұсынсын.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

И.Тасмағамбетов