Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 25 ақпандағы № 248 қаулысы
(2023.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын (бұдан әрi - Жарлық) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» мен «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдары (бұдан әрi - Жабық акционерлік қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен өзге де мүлiктерiн беру жолымен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» (бұдан әрi - «ҚазМұнайГаз» ҰК) жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) «ҚазМұнайГаз» ҰК жарғысын бекiтудi және оны мемлекеттік тiркеудi;
3)
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзудi, сондай-ақ оларды iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) өнiмдi бөлу туралы жоғарыда аталған және басқа да келісімдерге және осы қаулыны iске асыруға бағытталған оларға iлеспе өзге де құжаттарға тиiстi өзгерістер енгiзудi қамтамасыз етсiн;
2) «ҚазМұнайГаз» ҰК-на өкiлеттi орган Функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi, өнiмдi бөлу туралы жоғарыда аталған келісімдерге қатысты материалдарды беретiн болсын;
3) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
«ҚазМұнайГаз» ҰК мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келісім-шарттарда келісім-шарттарға үлестiк қатысу арқылы мемлекеттік мүдделердi бiлдiруiнiң тәртібі туралы;
мемлекеттік органдар мен «ҚазМұнайГаз» ҰК арасында мұнай операцияларындағы өкiлеттiктердi дәл ажырату туралы қаулылардың жобаларын енгiзсiн.
4. «ҚазМұнайГаз» ҰК белгiленген тәртiппен:
1) Жабық акционерлік қоғамдардың мiндеттерiн, басқару функциялары мен құрылымын оңтайландыру мақсатында оларды қайта ұйымдастыру процесiн қамтамасыз ету;
2) ұйымдардың активтерiн, акцияларын және қайта ұйымдастырылатын Жабық акционерлік қоғамдардың меншiгіндегі және/немесе басқаруындағы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерiн жұмылдыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 37 қаулысы;
2) «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 тамыздағы № 1044 қаулысы.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының