Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 «Балалар үйі қызметін ұйымдастырудың ережелерін» және «Балалар үйіне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерін» бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 181 бұйрығы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгi
Төрағасының 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 "Балалар үйi қызметін
ұйымдастырудың ережелерін" және "Балалар үйiне балаларды қабылдаудың
және одан шығарудың ережелерін" бекіту туралы" бұйрығына
толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Денсаулық министрінің 2002 ж. 19 ақпандағы № 181 бұйрығы




Балалар үйлерiнiң қызметiн жақсарту, ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың санын азайту мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 "Балалар үйi қызметін ұйымдастырудың ережелерін" және "Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерін" бекіту туралы" бұйрығына келесi толықтырулар енгiзiлсiн:

Көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Балалар үйi қызметiн ұйымдастырудың ережесiне:

1 тармақ "Ата-ана қамқорынсыз қалған," сөздерiнiң соңынан "некесiз жас анадан туылған балаларға," сөздерiмен толықтырылсын;

3 тармақ 12), 13) тармақшалармен келесi мазмұнда толықтырылсын:

"12) туа және жүре бiткен венерологиялық аурулы балалар арнайы емi бiткеннен кейiн, аурудың жұқпалысыз кезеңiнде;

13) АҚТҚ жұқтырылған/ЖҚТБ аурулы балалар, жұқпалысыз кезеңiнде.";

12-1 тармақпен келесi мазмұнда толықтырылсын:

"12-1. Баланың әржақты және үйлесiмдi дамуын, тәуелсiз дара тұлғасының қалыптасуын, өзiндiк дағдыларын баулуды қамтамасыз ету үшiн Балалар үйiнде болған барлық уақыт iшiнде балалардың күтiмi мен тәрбиесi тұрақты тұлғалармен iске асырылады. Бұл қағидаға әр жастағы балалар үшiн бөлiмдер (топтар) ұйымдастыру жолдарымен қол жеткiзiледi немесе бөлiмдерде балалар күн тәртібі мен тамақтану тәртібінiң бiркелкiлiгi негiзiнде бөлiнедi. Соңғы жағдайда, балаларды медициналық көрсетiмдерi бойынша ауыстыруды қоспағанда, бiр бөлiмнен (бiр топтан) басқасына (екiншiсiне) балалар және оларды тәрбиелеушi персонал бiрге ауыстырылады.";

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.