Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 16 мамырдағы № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2002 ж. 16 наурыздағы № 89 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан
Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы»
2000 жылғы 16 мамырдағы № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының
2002 ж. 16 наурыздағы № 89 қаулысы

 

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.30.03

№ 60 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 16 мамырдағы № 210 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесінің:

кіріспесіндегі «ерекшелігін» деген сөзден кейін «; ерікті түрде таратылатын банк кредиторларының комитетін (бұдан әрі - кредиторлар комитеті) құрудың және қызметінің ерекшелігін» деген сөздермен толықтырылсын.

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.";

2-тармақтағы "мемлекеттік емес" деген сөздер алынып тасталсын;

6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) банк қызметіне аудит жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар тәуелсіз аудиторлық ұйым растаған банк активтерінің құнын бағалау туралы есеп.";

11-тармақтағы "тез арада" деген сөздер "он күндік мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын;

12-тармақтағы:

"жиналысы" деген сөзден кейін "оның филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып бір айлық мерзімде" деген сөздермен толықтырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.