Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 10 шілдегі № 707 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 ж. 16 мамырдағы № 393 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Қазақстан
Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi
ережелерiн бекіту туралы" 2000 жылғы 10 шілдегi № 707 бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрінің
2002 ж. 16 мамырдағы № 393 бұйрығы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005.15.04. № 244 Бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 707 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне:

1-бөлiмiнiң 7-тармағынан басқа барлық мәтiн бойынша "жалпы орта мектептерi" деген сөздер "жалпы орта білім беру ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен жасалған халықаралық шарттар, келісімдер, сондай-ақ келісім шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар; жалпы негiзгi, жалпы орта немесе кәсiптiк бастауыш білімi бар басқа мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын ұлты қазақ тұлғалар қабылданады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.