Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 24 маусымдағы № 690 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 24 маусымдағы № 690 қаулыс
ы

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау қызметiн жетілдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, № 455-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

2-тармақ "мақсаты" деген сөзден кейiн "Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

заңнаманы кодтау жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізу;

кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының