Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 маусымдағы № 694 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 26 маусымдағы № 694 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

IV "Шығындар" деген бөлімде:

12 "Көлік және байланыс" деген функционалдық топта:

1 "Автомобиль көлігі" деген ішкі функцияда:

215 "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген әкімші бойынша:

036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" деген бағдарламада:

032 "Орал қаласы ауданында Жайық өзені арқылы өтетін көпір құрылысы" деген кіші бағдарламада "700000" деген сан "1407000" деген санмен ауыстырылсын;

044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір" деген кіші бағдарламада "1000000" деген сан "293000" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының