1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2002 жылғы
28 маусымдағы № 702 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 35, 328-құжат):
тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттік өкiлдер енгiзiлетiн акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «ҚазМұнайГаз» ҰK» ЖАҚ»;
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
2. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттік республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрлерi 114, 116-жолдар алынып тасталсын.
3. «Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктiк қызмет көрсету мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 наурыздағы № 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 94-құжат):
қаражаттары бiрiншi топтағы банктерде орналастырылуға жататын акционерлік қоғамдардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ».
4. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 9-1-жол алынып тасталсын.
5. ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 173 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2010.25.12. № 1412 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
8. «Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 389-құжат):
1-тармақ «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясы» деген сөздердiң алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»,».
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2002 жылғы
28 маусымдағы № 702 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір
шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» акционерлік қоғамының байқаушы кеңесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 31 тамыздағы № 819 қаулысы.
2. «Ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 19 наурыздағы № 286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 84-құжат).
3. «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ-ның жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1223 қаулысы.
4. «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi № 1359 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландырудың жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 30 маусымдағы № 981 қаулысы.
6. «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания» жабық акционерлік қоғамын дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған Индикативтiк жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1252 қаулысы.
7. «Қазтеңiзкөлiкфлоты» ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 25 мамырдағы № 714 қаулысы.
8. «Мұнай және Газ көлiгi» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 ақпандағы № 221 қаулысы.