Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 830 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы
№ 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 830 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) экспорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын экспортталатын тауарлардың тiзбесiнде:

мына жол:

"Дәрi-дәрмек,              2936, 2939-294200000,      Денсаулық агенттiгi"
медициналық техника        3003-3005, 9018-902000
                           (902000900-ден басқа)

мынадай редакцияда жазылсын:

"Рентген жабдығы,          9022                       Қазақстан
радиоактивтi заттар                                   Республикасының
мен изотоптар                                         Денсаулық сақтау
пайдаланылатын                                        министрлігі"
аспаптар және жабдық

2) импорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесiнде:

мына жол:

"Дәрi-дәрмектер,           2936-2939, 2941, 3001-     Қазақстан
медицинаға арналған        3004, 3006, 9013,          Республикасының
бұйымдар,                  9018-9022 (902111000,      Денсаулық сақтау iсi
медициналық техника        902119100, 902130900       жөніндегі агенттiгi"
(республикаға iзгiлiк      басқасы)
көмек желiсi бойынша
импортталатын
медициналық
техниканы қоспағанда)

мынадай редакцияда жазылсын:

"Рентген жабдығы,          9022                       Қазақстан
радиоактивтi заттар мен                               Республикасының
изотоптар пайдаланылатын                              Денсаулық сақтау
аспаптар және жабдық                                  министрлігі".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының