«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 шілдедегі № 833 Қаулысы (2025.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдалану тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

24. ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.11.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда

25. Мемлекеттік қызметшілер немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына орай осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе, не көрсетілген адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне айтылмай келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша оларды уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.

ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26. Бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және оларды өткізілгенге дейін сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 26-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.11.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 26-1-тармақ жаңа редакцияда

26-1. Сыйлықты уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы.

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 26-2-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен 26-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.11.04. № 208 Қаулысымен 26-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26-2. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады.

Тапсырылған сыйлықты беру «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған, сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлықтың құнын толық төлегеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 947 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ жаңа редакцияда

27. Сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.

ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 27-1-тармақпен толықтырылды

27-1. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.

ҚР Үкіметінің 2022.11.04. № 208 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

28. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қосылады.

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған жер учаскелерін одан әрі пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен реттеледі.

 

 

ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5-тарау. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.26.10. № 850 Қаулысымен (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.07. № 564 Қаулысымен (2024 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 29-тармақ өзгертілді

29. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.

Комиссия белгілеген ең төменгі бағамен өткізілмеген, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі - әлеуметтік қызмет субъектілері) өтеусіз беріледі.

Мүлік туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық сервиске бірыңғай қолжетімділік нүктесі болып табылатын www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста (бұдан әрі - тізілім веб-порталы) жариялайды.

Мүлікті өтеусіз алуға өтінім тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде әлеуметтік қызмет субъектілерінен тізілім веб-порталында қабылданады. Мүлікті өтеусіз алу өтініміне әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі.

Мүлікті өтеусіз алуға өтінімді ашу хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты келген кезде автоматты түрде тізілім веб-порталы арқылы жүргізіледі.

Мүлікті өтеусіз алуға өтінімдерді уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды. Мүлікті алуға ниетті бірнеше өтінім беруші болған кезде өз өтінімдерін бұрын берген тұлғаларға басымдық беріледі.

Мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне беріледі.

Мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз өткізген кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызмет субъектілері арасында қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісі үш дана мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісін ресімдеуге қатысушы тараптардың әрқайсысына бір данадан жасалады.

30. Одан әрі қарай пайдалануға жатпайтын мүлік және талап етілмеген, ең төменгі бағамен сатылмаған мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен жойылады.

Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

Мүлікті жою жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.11.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 31-тармақ жаңа редакцияда

31. Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, сәйкестендіру құрылғыларынсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және құрамында шығарылған елі белгісіз темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган құратын комиссия жояды.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 217-бабына сәйкес қажет болған жағдайларда комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өзге де мамандары тартылады.

 

 

ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-тарау. Қорытынды ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2022.11.04. № 208 Қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32. Мүлікті есепке алуға, бағалауға, сақтауға, тасымалдауға, қайта жіберуге, оны өткізуді ұйымдастыруға және одан әрі пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 947 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.11.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.18.05. № 385 Қаулысымен (2023 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2025.11.06. № 428 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігінде өзгерткен) кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Егер мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізілген жағдайда оның құнын өтеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.

Залал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 9-бабының 4-тармағына сәйкес өтелуге жатады.

34. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша мемлекетке өткен мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.

35. Уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларына осы Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілік жүктеледі.

 

ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.11.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.18.05. № 385 Қаулысымен (2023 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.11.06. № 428 Қаулысымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда

Жекелеген негiздер бойынша

мемлекет меншiгiне айналдырылған

(түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау,

бағалау және одан әрi

пайдалану қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

 

 

Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі

 

 

Мына құрамдағы комиссия:

уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган) өкiлi

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     (уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы,

                      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________;

____________________________________________________________________

       (жауапты жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

сот орындаушысы_____________________________________________________

                      (әділет органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

                            сәйкестендіру нөмірі, жұмыскердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

өкiл_________________________________________________________________

        (мүлікті беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып

       қойған (беретін) органның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

                                   сәйкестендіру нөмірі)

____________________________________________________________________;

               (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

өкiл_________________________________________________________________

        (мүлiк уақытша жауапты сақтауында болатын ұйымның атауы, мекенжайы,

                     жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

өкiл________________________________________________________________;

                  (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________________________________________________

         (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру

                                    нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

бағалаушы__________________________________________________________;

               (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

________________________________________________________

        (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру

                            нөмірі, лицензияның күнi және нөмiрi)

____________________________________________________________________

        (мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________________________________________________

        (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі,

                                   лицензияның күнi және нөмiрi)

____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833

қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне

айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi

пайдалану қағидаларының негiзiнде иеленушіге

___________________________________________________________________

тиесілі болған төмендегі мүлікті (сот актілерінің негізінде тәркіленген (оның

ішінде заттай дәлелдемелер) немесе иесіз деп танылған мүлiктiң бұрынғы

иеленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру

нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе ұйымның атауы, мекенжайы, жеке

сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

____________________________________________________________________

        (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру

                                   нөмірі, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

____________________________________________________________________

        (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру

                                   нөмірі, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

____________________________________________________________________

(мүлiкті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

сәйкестендіру нөмірі немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

немесе мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен мүлікті __________________________

____________________________________________________________________,

(мүлікті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

сәйкестендіру нөмірі немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

оның ішінде кедендік декларацияға сәйкес «мемлекет пайдасына бас тарту»

кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын,

сыйлықтарды ________________________________________________________

____________________________________________________________________

(мемлекеттік кірістер органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру

нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, тауарларға арналған кедендік

декларацияның күнi мен нөмiрi)

немесе нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке

өткен деп танылған мүлікті____________________________________________

___________________________________________________________________

(нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке

сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)

сондай-ақ құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекет меншiгі құқығының

туындағанын куәландыратын басқа да құжаттардың негiзінде өзге де мүлiкті __

____________________________________________________________________

(мүлікті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

сәйкестендіру нөмірі немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

тұлғаның мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

тізімдеуді және қабылдауды жүргізді.

 

Мүлiктi тiзімдеу және бағалау

 

 

Жиыны (жазумен):_______________________________________________

____________________________________________________________________

бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударуға жататын жиыны

____________________________________________________________________

Осы акт ____ данада жасалды.

Комиссия мүшелерi:

_________________ ___________________________________________________

               (қолы)                         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_________________ ___________________________________________________

               (қолы)                         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________________________________________________

        (бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

______ жылғы «___» ____________ иеленушінiң қолы ____________________

Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым.

Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылғаны, жасырылғаны, жоғалғаны,

ауыстырылғаны немесе бүлiнгенi үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық

кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк

туралы ескертiлдi.

______ жылғы «___» ____________ (қолы) _____________________

___________________________________________________________________

               (мүлiкті қабылдаған ұйымның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

       сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Ескертпе

* Бұл баған мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) беретін ұйым алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.

 

ҚР Үкіметінің 2023.18.05. № 385 Қаулысымен (2023 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.07. № 564 Қаулысымен (2024 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.11.06. № 428 Қаулысымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-қосымша жаңа редакцияда

Жекелеген негiздер бойынша

мемлекет меншiгiне айналдырылған

(түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау,

бағалау және одан әрi

пайдалану қағидаларына

2-қосымша

 

Нысан

 

 

20 __ жылы мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерiн есепке алу кітабы