11) дамуында немесе мінез-құлқында ауытқулары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын, оларды кешенді тексеріп-қарауды жүргізетін және оларды одан әрі оқыту және тәрбиелеу нысандарын айқындау жөнінде ұсынымдар дайындайтын психологиялық-медициналық педагогикалық комиссиялар құру;
12) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік және саламатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасына ендіру;
13) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды, жағдайы нашар отбасыларды анықтауға, оларды ішкі істер органдарына есепке қоюға қатысу және олармен жеке профилактика шараларын жүргізу;
14) жалпы білім беретін оқу орындарында қолжетімді спорт секцияларының, техникалық және өзге де үйірмелердің, клубтардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және оларға кәмелетке толмағандарды тарту;
15) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
16) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету;
17) Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды қамтамасыз ету жəне психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
20) жетім балаларға жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату тəртібін сақтау;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
21) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді арнаулы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен оңалтуды жəне əлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
22) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
23) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
24) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіпке жəне шарттарға сəйкес кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
25) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру жəне тұрғынжаймен қамтамасыз ету.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
1) аудандық ауқымдағы (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
2) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
4) мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық ету жөніндегі функцияларын іске асыру;
5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
6) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытты өткізуін және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
7) жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтау және есепке алу, олармен және олардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен жеке профилактика шараларын жүргізу;
8) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік және саламатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасына ендіру;
9) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды, жағдайы нашар отбасыларды анықтауға, оларды ішкі істер органдарына есепке қоюға қатысу және олармен жеке профилактика шараларын жүргізу;
10) жалпы білім беретін оқу орындарында қолжетімді спорт секцияларының, техникалық және өзге де үйірмелердің, клубтардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және оларға кәмелетке толмағандарды тарту;
11) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
13) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
15) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
16) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
17) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру жəне тұрғынжаймен қамтамасыз ету.
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 52-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 17 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
52-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
1. Тексерулер жүргізу кезінде тексерудің басталатын күнін көрсете отырып, ол басталардан кемінде бір тәулік бұрын бақылау субъектісін тексерудің тағайындалғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етіледі.
2. Бақылау субъектісіне тексеру жүргізу мерзімдері мен нысанасы көрсетіле отырып тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы;
6) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы;
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
9) тексеру жүргізілетін кезең;
10) бақылау субъектісінің осы баптың 15 және 16-тармақтарында көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
12) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі.
3. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және олар:
1) жоспардан тыс тексерулер жүргізілген кезде - бес жұмыс күнінен аспауға тиіс және бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін;
2) жоспарлы тексерулер жүргізілген кезде - он жұмыс күнінен аспауға тиіс және он жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының басшысы осы тармақтың бірінші бөлігін де көзделген мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы міндетті түрде тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді және бұл туралы бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
4. Тексерулер бақылау субъектісінің жұмыс регламентінде белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
5. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамы тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасайды.
6. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, уақыты және орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау субъектісінің атауы;
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
7) тексерудің түрі мен нысанасы;
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
9) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
10) бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
11) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
7. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері (олар болған кезде) қоса беріледі.
8. Қосымшалардың көшірмелері бар тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (басшыға не оның уәкілетті адамына) қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырылады, үшінші данасы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органында қалады.
9. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісінің басшысы оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы қорытындыға қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
10. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ қорытынды табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмайды.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі осы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бақылау субъектісі (қажет болған кезде) бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.
Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне қорытындының орындалуы туралы ақпарат беру қажеттігі туралы сұрау салуды жібереді.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
11. Тексеру жүргізу кезінде осы Заңның 52-2-бабында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жасалады.
12. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
13. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбеген тексерудің өзге де түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
14. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдары:
1) осы Заңның 52-2-бабында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының құзыретіне жатпаса, тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпараттар тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімінен асыруға;
5) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды бақылау субъектілері есебінен жүргізуге құқылы емес.
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған;
осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеру мерзімдерін тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;
тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
тексеруді тағайындау туралы акт, қызметтік куәлігі (сәйкестендіру картасы) болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының тексеру нәтижелері туралы қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио-және бейнетехника құралдарының көмегімен, сондай-ақ оның хабарламасы арқылы тіркеп-белгілеуге құқылы.
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының сұрау салуы бойынша ақпарат беруге;
4) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы қорытындыға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
5) тексеру аяқталған күні оның нәтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі қоюға;
6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне жол бермеуге;
7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау субъектісі басшысының не оны алмастыратын адамның тексерудің тағайындалған мерзімдерінде бақылау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
17. Бақылау субъектілері Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мен оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 52-4-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
52-4-бап. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу тəртібі
1. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан əрі - мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) қатысты баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан əрі - мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
1) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы алдыңғы мемлекеттік бақылауды;
2) мемлекеттік бақылау субъектілері, оның ішінде «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесі жəне Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жəне балаларды өз отбасына тəрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі арқылы ұсынатын есептілік пен мəліметтердің мониторингін;
3) мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың интернет-ресурстарының жəне өзге де ашық дереккөздердің деректерін;
4) күнтізбелік бір жыл ішінде жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен, расталған жолданымдардың санын талдау нəтижелері бойынша тəуекелдерді бағалау мен басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тағайындайтын тексеру жоспарлы тексеру болып табылады.
Тəуекелдерді бағалау мен басқару жүйесі тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүргізіледі.
Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі осындай мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы тəуекелдерді басқару мақсаттары үшін жоспарлы тексеру нысанындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тəуекел дəрежелерінің біріне жатқызады:
Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тəуекелдің орташа дəрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі екі жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тəуекелдің төмен дəрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі үш жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Жоспарлы тексеруді жүргізу үшін қолданылатын тəуекел дəрежесін бағалау өлшемшарттарын жəне тексеру парақтарын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы бекітеді жəне өзінің интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Жоспарлы тексерулердің жылдық тізімі (бұдан əрі - тексерулердің жылдық тізімі) мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) жоспарлы тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.
Тексерулердің жылдық тізімі тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы тексерулердің жылдық тізімін өзінің интернет-ресурсында жоспарлы тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде орналастырады.
Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде тексерулердің жылдық тізімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының бірінші басшысы осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде бекітеді.