Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік бақылау субъектілері таратылған, қайта ұйымдастырылған, атауы өзгертілген, олардың арасында өкілеттіктер қайта бөлінген, сондай-ақ табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралуы жəне оларға байланысты шектеулер туындаған немесе туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы жəне қайта басталуы мүмкін.
5. Жоспарлы тексерулер тексерулердің жылдық тізіміне сəйкес тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
6. Мемлекеттік бақылау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:
1) егер мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермесе жəне (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, мемлекеттік бақылау нəтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
3) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша прокурордың талаптары;
4) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша масс-медиадағы жарияланымдар мен хабарлар;
6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы.
Анонимдік жолданымдар берілген жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
7. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектісін тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталған күнін көрсете отырып, жоспарлы тексеру жүргізудің басталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Жоспардан тыс тексеру мемлекеттік бақылау субъектісіне хабарламастан жүргізіледі.
8. Тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелген тексеруді тағайындау туралы акт мемлекеттік бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексерудің басталуы болып есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Хаттамаға Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы жəне мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бас тартудың себебіне жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
Тексеруді тағайындау туралы актіде аталған лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
9. Тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт мемлекеттік бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық органына оларды электрондық нысанда ұсыну арқылы тексеру басталғанға дейін тіркеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) тексеруді жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мəліметтер;
5) мемлекеттік бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
9) тексеру жүргізілетін кезең;
10) тексеру субъектісінің осы баптың 21-тармағында көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы жəне мемлекеттік органның мөрі;
12) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
Тексеруді тағайындау туралы актілерді, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, тіркеуден бас тартудың жəне олардың күшін жоюдың, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту жəне тексеру мен оның нəтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламалар жасау тəртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
10. Тексерулер жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне:
жоспарлы тексерулер жүргізу кезінде - он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады;
жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде - он жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады.
Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жіберу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының басшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркей отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі жəне оларды ұзарту себебі көрсетіледі.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні міндетті түрде ресімдейді жəне бұл туралы мемлекеттік бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлама табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер мемлекеттік бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына электрондық пошта мекенжайын бұрын ұсынған болса, осы мемлекеттік бақылау субъектісінің осындай мекенжайы бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тəсілмен жіберіледі.
11. Тексерулер мемлекеттік бақылау субъектілерінің (объектілерінің) жұмыс регламентінде белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының тексеруге келген лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау субъектісіне:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
12. Тексеру нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамы:
1) тексеру нəтижелері туралы акт;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
Тексеру нəтижелері туралы актіге қажет болған кезде тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
13. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы;
6) тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;
7) тексерудің түрі мен нысанасы;
8) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мəліметтер;
9) талаптарды орындау жəне бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
10) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
11) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.
14. Тексеру нəтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, сондай-ақ мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда тексеруді жүргізу кезінде қатысқан оны алмастыратын адамның лауазымы, тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
5) тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;
6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша нұсқаулар;
8) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.
15. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бас тартудың себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы қосымшаларының көшірмелерімен қоса, мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамға танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға жəне оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырылады, үшінші данасы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органында қалады.
16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, олар бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді.
17. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін нұсқамада белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді.
18. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектісіне нұсқаманы орындау жөнінде ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салуды екі жұмыс күні ішінде жібереді.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.
19. Жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы акт мемлекеттік бақылау субъектісіне жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
20. Осы бапта белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
21. Мемлекеттік бақылау субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған;
осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде (болған кезде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;
тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
тексеруді тағайындау туралы акт болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
2) егер мəліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының тексеру нəтижелері туралы актісіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, оны хабардар ете отырып, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
22. Мемлекеттік бақылау субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау субъектісінің аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілеттi органының сұратуы бойынша материалдарды ұсынуға;
4) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің міндеттері мен нысанасына сəйкес құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
5) тексеру аяқталған күні оның нəтижелері туралы актіні алғаны туралы белгі қоюға;
6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның тексерудің белгіленген мерзімінде мемлекеттік бақылау субъектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
23. Мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексерулер, егер олар мынадай бұзушылықтардың бірімен жүргізілсе, жарамсыз деп танылады:
1) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді жүргізудің басталғаны туралы немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабарлама мерзімдерінің сақталмауы;
3) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актінің немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актінің болмауы;
4) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу кезеңділігінің бұзылуы;
5) мемлекеттік бақылау субъектісіне мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актінің ұсынылмауы;
6) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша тексерудің тағайындалуы;
7) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексерудің мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы акт белгіленген мерзімдерде жіберілмей жүргізілуі.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының