«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы (2026.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

5) тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;

6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі;

7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша нұсқаулар;

8) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер;

9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.

15. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оларды жазбаша түрде баяндайды.

Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.

Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

Мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бас тартудың себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.

Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы қосымшаларының көшірмелерімен қоса, мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамға танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға жəне оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырылады, үшінші данасы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органында қалады.

16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.

Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, олар бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді.

17. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін нұсқамада белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді.

18. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектісіне нұсқаманы орындау жөнінде ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салуды екі жұмыс күні ішінде жібереді.

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.

19. Жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы акт мемлекеттік бақылау субъектісіне жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

20. Осы бапта белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

21. Мемлекеттік бақылау субъектілері:

1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:

жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған;

осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде (болған кезде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;

тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;

тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;

тексеруді тағайындау туралы акт болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;

2) егер мəліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының тексеру нəтижелері туралы актісіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;

4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, оны хабардар ете отырып, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.

22. Мемлекеттік бақылау субъектілері:

1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау субъектісінің аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;

3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілеттi органының сұратуы бойынша материалдарды ұсынуға;

4) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің міндеттері мен нысанасына сəйкес құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

5) тексеру аяқталған күні оның нəтижелері туралы актіні алғаны туралы белгі қоюға;

6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның тексерудің белгіленген мерзімінде мемлекеттік бақылау субъектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

23. Мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексерулер, егер олар мынадай бұзушылықтардың бірімен жүргізілсе, жарамсыз деп танылады:

1) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;

2) тексеруді жүргізудің басталғаны туралы немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабарлама мерзімдерінің сақталмауы;

3) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актінің немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актінің болмауы;

4) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу кезеңділігінің бұзылуы;

5) мемлекеттік бақылау субъектісіне мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актінің ұсынылмауы;

6) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша тексерудің тағайындалуы;

7) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексерудің мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы акт белгіленген мерзімдерде жіберілмей жүргізілуі.

 

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру

Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев