Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының
"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер
туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы № 11 қаулысына өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 ж. 15 шілдедегі № 251 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі № 264 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы № 11 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына: