Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің
орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы
арасында мiндеттердi бөлу туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2002 ж. 2 қыркүйектегі № 132-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2003 ж. 17 маусымдағы № 129-ө өкімімен күші жойылды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 13 маусымдағы № 77 өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министр | И.Тасмағамбетов |
Премьер-Министрінің
2002 жылғы 2 қыркүйектегi
№ 132 өкімімен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi
Кеңсесiнің Басшысы арасында
МIНДЕТТЕРДI БӨЛУ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
И.Н.Тасмағамбетов
Yкiметтiң қызметiне басшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк ету.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік комиссияға, Республикалық бюджет комиссиясына басшылық жасау.
Қорғаныс, мәдениеттi дамыту, ұлтаралық қатынастар, мемлекеттік материалдық резервтер, төтенше жағдайлар мәселелерi.
Үкiметтiң кадр мәселелерi.
Сыртқы iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлiгінiң, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiктiң, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
А.С.Павлов
Экономиканы жедел басқару, аймақтық саясат мәселелерi.
Экономикалық жоспарлау және даму, қаржы, салық және тариф саясаты, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi.
Үкiметтiң Ұлттық Банкпен, халықаралық қаржы және экономика ұйымдарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң жұмысына басшылық жасау.
Қазақстанның Даму Банкінің қызметiн үйлестiру.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң, Қаржы министрлігінiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң, Статистика жөніндегі агенттiктiң, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттiктiң, Кеден бақылауы агенттiгiнiң, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
К.Қ.Мәсiмов
Инвестициялық саясат, экспорттық бақылау және жұмылдыру жұмысының, Қазақстанның Дүниежүзілiк сауда ұйымына енуi мәселелерi.
Мемлекеттік органдардың өндiрiстiк саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды (өнеркәсiптi, энергетика секторын, құрылысты, көлiк пен коммуникацияларды) дамыту мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi.
Геология, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын сақтау мәселелерi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының мәселелерi.
ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестiру.
Астана қаласы жаңа орталығының құрылысын салу жөніндегі мемлекеттік комиссияға басшылық жасау.
Индустрия және сауда министрлігінiң, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң, Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Б.Ә.Мұхаметжанов
Құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату мәселелерi.
Мемлекеттік органдардың әлеуметтiк саланы дамыту, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, спорт пен туризм мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.
Көшi-қон және демографиялық саясат, әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.
Қазақстан Республикасында Денсаулық жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияға, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңеске басшылық жасау.
Iшкi iстер министрлігінiң, Әдiлет министрлігінiң, Білім және ғылым министрлiгінiң, Денсаулық сақтау министрлігінiң, Қаржы полициясы агенттiгінiң, Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiктiң, Туризм және спорт жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
А.С.Есiмов
Мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік агроазық-түлiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.
Аграрлық ғылым, экология, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, жер және су қатынастары мәселелерi.
Ауылдық аумақтарды дамыту, iшкi көшi-қон мәселелерi.
Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қызметiне басшылық жасау.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы
А.А.Тілеубердин
Yкiметтiң шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың қызметiн үйлестіру. Үкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Үкiметтiң аймақтық саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Үкiметтің облыстар әкімдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Премьер-МИнистр Кеңсесінің Президент Әкімшілігімен және Парламент палаталарының аппараттарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері.