"Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот
тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының
1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
2002 ж. 15 тамыздағы № 18 нормативтік қаулысы
Сот практикасында мәселелердің туындауына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 қаулысын қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес келтірудің қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
"Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Тақырыптағы "Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Кіріспедегі "Пленумы" деген сөз "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 7-тармақта:
екінші сөйлем мына редакцияда жазылсын:
"Есі кіресілі-шығасылы адамға қатысты іс аудандық немесе оған теңестірілген соттың қарауына, ал қылмыстық жауапкершілікке тартылған басқа адамдарға қатысты - облыстық немесе оған теңестірілген соттың (не керісінше) қарауына жататын жағдайларда міндетті түрде бөлек өндіріске шығарылады".
4. 16-тармақта:
"облыстық немесе оған теңестірілген сотқа" деген сөздер "тиісті сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 17-тармақта:
бірінші сөйлемде "заңмен тыйым салынған әрекетті жасағаны фактісін растайтын немесе теріске шығаратын мән-жайларды қосымша анықтау үшін," деген сөздерден кейін "әрекетке дұрыс заңдық баға беру үшін," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемде "облыстық немесе оған теңестірілген сотқа" деген сөздер "тиісті сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 19-тармақ мына редакцияда жазылсын: