Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 3 тамыздағы № 300 қаулысы (2005.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды) (күші жойылды)

Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 ж. 3 тамыздағы № 300 қаулысы

(2005.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006.27.05. № 38 Қаулысымен күші жойылды

 

Банк қызметін реттейтін заңдарды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Ең аз резервтік талаптар туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап бір ай өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Г.А. Марченко

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар

туралы ережені бекіту жөнінде"

2002 жылғы 3 тамыздағы № 300 қаулысымен

бекітілген

Ең аз резервтік талаптар туралы ереже

ҚР ҰБ Басқармасының 2005.17.11. № 146 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банктердің есеп айырысу үшін қолданылатын міндеттемелерінің құрылымын, ең аз резервтік талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртібін, сондай-ақ ең аз резервтік талаптар нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.13.06. № 173 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.