«Қазақстан Республикасы Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырудың және жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 19 тамыздағы № 03-5-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 186-НҚ бұйрығы

"Қазақстан Республикасы Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік
тiркелiмiн қалыптастырудың және жүргiзудiң ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi
қорғау жөніндегі комитетi төрағасының 1998 жылғы 19 тамыздағы № 03-5-НҚ
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 186-НҚ бұйрығы

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңы 13-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi туралы ереженiң 17-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiн қалыптастырудың және жүргiзудiң ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi төрағасының 1998 жылғы 19 тамыздағы № 03-5-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

"Қазақстан Республикасы Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiн қалыптастырудың және жүргiзудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi төрағасының 1998 жылғы 19 тамыздағы № 03-5-НҚ бұйрығының тақырыбынан, 1 және 2-тармақтарынан "Табиғи" деген сөздiң алдындағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздерi алынып тасталсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiн қалыптастырудың және жүргiзудiң ережесінде:

тақырыбындағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталсын;

1-тармақтағы "дамыту" деген сөз алынып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.