Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1216 тiркелген «Жалпы білім беретiн және мектепке дейiнгі білім ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 708 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы № 713 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
«Жалпы білім беретiн және мектепке дейiнгi білім ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 708 бұйрығына (№ 1216 тiркелген, толықтырулар енгізумен 2001 жылғы 20.07. № 595 бұйрығымен бекітілген, № 1632 тiркелген, «Шығармашылық педагогика» журналының 2000 жылғы қыркүйектегi № 4 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының интернаттық білім беру ұйымдарының қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы ережелерде:
1-тармақ «ұйымдары» деген сөзден кейiн «барлық түрi мен үлгiдегi» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада «кәмелетке толмағандардың iсi жөніндегі» деген сөздер «кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: