Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысы
(2016.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Мынадай республикалық мемлекеттік кәсiпорындар қайта аталсын:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеолого-мелиоративтiк экспедициясы» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы»;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы».
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2016.28.12. № 887 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бiрлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны iске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының