«Алматы қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 Қаулысы (2004.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Алматы қаласының Бас жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 Қаулысы

(2004.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 349 Қаулысымен күші жойылды

 

Бұрынғы редакцияларды қара

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегі Заңына сәйкес және Алматы қаласының кешендi дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Алматы қалалық мәслихаты мақұлдаған Алматы қаласының Бас жоспары бекiтілсiн.

2. «Алматы қаласының қала құрылысын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 16 сәуірдегі № 343 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 16, 253-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 1330 қаулысымен бекітілген

 

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ

 

1. Бас жоспардың мақсаты

 

Алматы қаласының 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған Бас жоспары тiршiлiк етудiң қолайлы ортасын жасау мен қаланы тиянақты дамыту, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғаты және мәдени мұраларды сақтау мақсатында Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негiзгi құжаты болып табылады.

Бас жоспар Алматы қаласының «Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған функцияларды жүзеге асыруын және Алматы қаласы дамуының Алматы агломерациясымен өзара байланыстылығын ескеру арқылы әзiрлендi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.