«Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж. 6 желтоқсандағы № 26 нормативтік қаулысы (2023.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж. 6 желтоқсандағы № 26 нормативтік қаулысы

(2023.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ҚІЖК-нің» деген сөз «ҚПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды «процессуалдық» деген сөз «процестік» деген сөзбен ауыстырылды, «сезіктіге», «Сезіктіге», «сезіктінің», «сезіктілікті», «сезікті», «сезіктіні» деген сөздер тиісінше «күдіктіге», «Күдіктіге», «күдіктінің», «күдікті», «күдіктіні» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Түсініктемені қараңыз

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Әркімнің білікті заң көмегін, сондай-ақ ол көмекті адвокаттың (қорғаушының) қатысуымен алуға құқығы туралы конституциялық ережені сақтау, сот ісін тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыруға, іс бойынша ақиқатты анықтап, заңды да негізді сот шешімін шығаруға ықпал етеді.

Қылмыстық процестің барлық кезеңінде қорғануға құқығы бар куәгерге, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталғанға қылмыстық қудалаудан, айыптау мен соттаудан қорғану құқығы берілген және кепілдендірілген.

Сот практикасын зерделеу - сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сот төрелігін атқару кезінде конституциялық ережелердегі және қылмыстық іс жүргізу заңындағы қорғану құқығы туралы талаптардың сақталатындығын көрсетті.

Сонымен қатар, қылмыстық процесті жүргізуші органдары жұмысында қорғану құқығын реттейтін нормалардың бұзылуы, ал адвокаттардың өздеріне заңмен берілген өкілеттіктерді толығымен пайдаланбайтын жағдайлар орын алуда.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.