2) тіркеү күәліктерін береді, тіркейді, кері қайтарып алады, сақтайды,белгіленген тәртіппен берілген тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) тіркеу куәліктерін қолдану қағидаларын бекітеді;
3) қолданылып жүрген және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін есепке алуды жүзеге асырады;
4) куәлаңдырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растайды;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Куәлаңдырушы орталық сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері және (немесе) жабық кілттері жоғалуының, модификациялануының және қолдан жасалуының алдын алу ұшін қажетті барлык шараларды қолдануға міндетті.
3. Куәлаңдырушы орталық осы баптың 2-тармағында көзделген міндетті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге асыруды «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қамтамасыз етеді.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Қазақстан Республикасы арнайы негізгі куәландырушы орталығы функцияларының жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қамтамасыз етеді.
22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату
1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Куәландырушы орталық өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметін тоқтатқанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын бұл туралы өздері қызмет көрсететін электрондық құжат айналымы жүйелеріне қатысушылардың барлығын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
3. Куәландырушы орталықтың қызметін токтату кезінде ол берген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері, тіркеу куәліктерінін иелері туралы мәліметтер тіркеу куәлігінің иесімен келісіле отырып, басқа куәландырушы орталықтарға беріледі.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық колтаңбаның тиісті кілттері қолданылуын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуға тиіс.
23-бап. Тіркеу куәліктерінің иелері, электрондық цифрлық колтаңбаның жабық және ашық кілттері туралы мәліметтерді қорғау
1. Куәландырушы орталық тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда ашады.
2. Тараптардың келісіміне сәйкес жасырын болып табылатын тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтер тіркеу куәліктерінің жалпы қол жететін тіркеліміне енгізілмейді.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Қазакстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тартуға, сол сияқты электрондық құжат айналымы жүйесінің бағдарламалық және (немесе) техникалық құралдарын бұғаттау арқылы электрондық құжаттарды адресатқа дейін жеткізбеуге жол берілмейді.
Электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен қаралуға тиіс.
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2003 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының