Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 қаңтардағы № 49 Қаулысы (2013.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

28. Кемені бербоут-чартер тізілімінде тіркеу мерзімін ұзарту мынадай құжаттар қоса беріле отырып, оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады:

1) кеме иесінен еркін нысандағы өтініш;

2) теңіз кемесін мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

 

 

4. Жасалып жатқан кемеге құқықтарды мемлекеттік тіркеу

 

ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 612 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

29. Жасалып жатқан кемеге меншік құқығы киль салу немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстарын жүргізу жағдайында жасалып жатқан кемелер тізілімінде тіркеледі.

Салынып жатқан кемеге құқықтарды мемлекеттік тіркеу осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.

30. Жасалып жатқан кемеге құқықты мемлекеттік тіркеу құқық иесінің немесе ол (олар) уәкілеттік берген тұлғаның өтініші негізінде онда кеме жасалып жатқанын растайтын құжаттар қоса берілген, тиісті түрде ресімделген сенімхат болған кезде жүргізіледі, атап айтқанда:

1) кемені жасауға арналған шарт;

2) кеме жасау ұйымының киль салу немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстарын жүргізуді растайтын сарапшының қорытындысы туралы жазбаша растауы.

31. Салынып жатқан кемеге құқықты мемлекеттік тіркеу туралы өтінімде мыналар көрсетіледі:

1) кемені жасау орны;

2) кеме жасайтын ұйымының атауы;

3) кемені жасау нөмірі;

4) кеменің түрі;

5) киль ұзындығы және кеме туралы басқа да негізгі техникалық деректер (кеменің ені, борт биіктігі);

6) қозғалтқыштардың саны мен қуаты;

7) корпустың негізгі материалы.

32. Жасалып жатқан кемеге құқықты мемлекеттік тіркеу осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес кемеге (жасалып жатқан кемеге) арналған құқықты Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берумен куәландырылады.

 

 

5. Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу

 

33. Кеме ипотекасы (жасалып жатқан кеме) кеме тіркелген тізілімде тіркеледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берілген шетел кемесінің ипотекасы, сондай-ақ шетел алушысы үшін жасалып жатқан кеме ипотекасы Қазақстан Республикасында тіркелмейді.

34. Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасы кемеге (жасалып жатқан кемеге) меншік құқығын мемлекеттік тіркеуден кейін кепіл берушінің өтініші негізінде тіркеледі.

Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтініште Заңның 212-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттар көрсетіледі.

Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

35. Кеме ипотекасын (жасалып жатқан кеме) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер кіріс құжаттарын есепке алу кітабына және осы кеме тіркелген тиісті тізілімге енгізіледі.

Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде бұл туралы кеме құжатына қандай да бір жазу енгізу талап етілмейді.

36. Кеме ипотекасын (жасалып жатқан кеме) мемлекеттік тіркеу өтініш берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берумен куәландырылады.

37. Кеме ипотекасын Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мерзімде, кеме ипотекасы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақтарды қоса беру арқылы жүзеге асырылады.

Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақта кеме ипотекасы туралы шартқа қосымша келісімнің нөмірі мен жасалған күні, сондай-ақ кеме ипотекасы туралы шартқа енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.

Кепіл берушіні және (немесе) борышкерді ауыстырған кезде, егер борышкер кеме ипотекасы туралы шарт бойынша кепіл беруші болып табылмаса, Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақта жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері, сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қойған қолы көрсетіледі.

Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ кеме ипотекасы туралы шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін кепіл берушінің өтініші негізінде беріледі.

Өтінішке кеме ипотекасы туралы шартқа қосымша келісім, осындай қосымша келісімде көрсетілген құжаттармен қоса беріледі.

 

 

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен, халықаралық кеме тізілімінен, жасалып жатқан кемелер тізілімінен немесе бербоут-чартер тізілімінен шығару

 

38. Мемлекеттік кеме тізілімінен:

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;

2) конструкциялық жағынан күйреген;

3) қайта құру немесе кез келген басқа өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан;

4) Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеме шығарылады.

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 38-1-тармақпен толықтырылды

38-1. Мына:

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;

2) конструкциялық жағынан күйреген;

3) қайта құру немесе кез келген басқа өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан;

4) Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;

5) оған қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзіп жүруге құқығын уақытша беру туралы шешімді уәкілетті орган жоққа шығарған;

6) оған қатысты Қазақстан Республикасының аумақтық сулары шегінде қызметті жүзеге асыру фактісі айқындалған жағдайларда кеме Халықаралық кеме тізілімінен шығарылады.

39. Зақымдалған кеме конструкциялық жағынан күйреген болып есептеледі, егер:

1) кеме тұрған жерінде де, кеме жеткізілуі мүмкін кез келген басқа жерде де қалпына келтірілмесе;

2) кемені жөндеу экономикалық жағынан орынсыз болса.

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

40. Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен, халықаралық кеме тізілімінен және бербоут-чартер тізілімінен шығаруды Порттың теңіз әкімшілігі кеме иесінің (кеме иеленушінің) немесе олар уәкілеттік берген адамдардың кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктерді қоса бере отырып, еркін нысандағы өтініші негізінде жүргізеді.

Осы Қағидалардың 38-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында, 38-1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында, 44-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда өтінішке онда жазылған фактілерді растайтын құжаттар да қоса беріледі.

Осы Қағидалардың 38-1-тармағының 5), 6) тармақшаларында және 44-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, кемені Халықаралық кеме тізілімінен және бербоут-чартер тізілімінен шығаруды кеме иесінің (кеме иеленушінің) мекенжайына жолданған уәкілетті органның тиісті хабарламасы негізінде Порттың теңіз әкімшілігі жүргізеді.

41. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген ипотека болған кезде Порттың теңіз әкімшілігі кепіл ұстаушылар өз мүдделерін қорғау үшін тиісті шаралар қолдануы үшін кепіл ұстаушыға кеменің немесе жасалып жатқан кемеге меншік құқығының тиісті тізілімінен алдағы шығарылатыны туралы хабарлама жібереді. Олардың келісімі алынбаған кезде кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншік құқығы кепіл ұстаушыларды хабардар өткеннен кейін үш ай өткен соң тиісті тізілімнен шығарылады.

42. ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43. Порттың теңіз әкімшілігі тиісті тізілімге шығару туралы жазу енгізеді және осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес кеменің Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінен, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен немесе Қазақстан Республикасындағы жасалып жатқан кеме тізілімінен шығарылғаны туралы куәлікті кеме иесіне (кеме иеленушіге) немесе олар уәкілеттік берген адамдарға береді.

Кемені халықаралық кеме тізілімінен шығару туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне және Кедендік бақылау комитетіне жолданады.

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 44-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

44. Бербоут-чартер тізілімінен:

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;

2) конструкциялық жағынан күйреген;

3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан;

4) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;

5) осы Қағидаларға сәйкес оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған кеме шығарылуға жатады.

 

 

7. Кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыру

 

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

45. Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген кемені бербоут-чартер бойынша шетелдік кеме жалдаушыға пайдалануға және иелік етуге ұсынған кезде осындай кеме уәкілетті органның шешімі негізінде шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстырылуы мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 46-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

46. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешімді уәкілетті орган кеменің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген адамның мынадай құжаттар қоса берілген өтініші негізінде қабылдайды:

1) кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыруға ипотеканың кепіл ұстаушысының жазбаша келісімі (белгіленген және белгіленген тәртіппен тіркелген кеме ипотекасының ұстаушыларын алдын ала қанағаттандыру болмаған кезде);

2) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы ұсынылғанын немесе Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрған сәтте осы құқық берілетінін растайтын құжат;

3) бербоут-чартер.

47. Осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес бас тарту үшін негіз болмаған кезде Мемлекеттік кеме тізілімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрған күн, кемені шет мемлекеттің туын көтеруге ауыстыруға рұқсат етілетін мерзім, кемеге туын көтеріп жүзуге рұқсат берілген мемлекеттің атауы, бербоут-чартер бойынша шетелдік кеме жалдаушының аты және мекенжайы көрсетіледі.

48. Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрған күні Мемлекеттік кеме тізіліміне тиісті белгілер енгізілген күн болып есептеледі. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлікке белгілерді енгізу өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

49. Кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұру мерзімі ішінде оның бортында осы құқық тоқтатыла тұрғаны туралы белгісімен Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік болуы тиіс.

50. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығының тоқтатыла тұрған мерзім ішінде кемеге арналған құқықты, шектеулерді (ауыртпалықтарды) тіркеуді осы Қағидаларға сәйкес Мемлекеттік кеме тізілімінде жүргізу жалғастырылады.

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 51-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51. Бербоут-чартер қолданысы тоқтатылған кезде немесе уәкілетті органның шешімінде көрсетілген мерзім өткен кезде Мемлекеттік кеме тізіліміне кеменің меншік иесінің өтініші негізінде тиісті жазу енгізіледі және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы жаңа кеме куәлігі беріледі.

 

 

8. Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 52-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

52. Шағын көлемді кемелерді тіркеуді ішкі су жолдары бойынша жүзетін шағын көлемді кемелер үшін айқындалған тәртіппен ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кеме кітапшасында жүргізеді.

 

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Кемелер мен оларға құқықтарды

мемлекеттік тіркеу қағидаларына

1-қосымша

 

 

КЕМЕ ТІЗІЛІМІНІҢ САУАЛНАМАСЫ

 

1. Кеме атауы ________________________________________________________________________________________________________

2. Алдыңғы тіркелген порты (орны) және оны жою күні (Мемлекеттік кеме тізілімi/Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімі үшін)/тоқтатып қою күні (бербоут-чартер тізілімi/Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімі үшін) (егер мұндай жағдай орын алса)____________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________

3. Сәйкестендіру нөмірі ИМО ____________________________________________________________________________________________

4. Шақыру сигналы ____________________________________________________________________________________________________

5. Типі және мақсаты, жүзу ауданы _______________________________________________________________________________________

6. Атауы, коды, сыныптау қоғамы, тізілім нөмірі, класс символы, біліктілік куәлігінің қолданылу мерзімі ______________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________

7. Кеме өлшемі: ұзындығы _______ ені _________ борт биіктігі ______________

8. Тіркелімдік сыйымдылық: таза ______________ жалпы __________________

9. барынша шөгу: жүк болғанда ________________ балласта ________________

10. Су үсті бортының биіктігі ____________________________________________________________________________________________

11. Жасалу жылы мен орны, кеме жасау верфі атауы

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

12. Жоба нөмірі ________________________________________________________________________________________________________

13. Жүк көтерімдігі ______________________________________________________________________________________________________

14. Корпус материалы ___________________________________________________________________________________________________

15. Палуба саны ________________________________________________________________________________________________________

16. Басты қозғалтқыштың типі және жасау орны _____________________________________________________________________________

17. Басты қозғалтқыштың қуаты ___________________________________________________________________________________________

18. Жүріс жылдамдығы: жүк _________ буын, балласта __________________ буын

19. Қозғалтқыш түрі, бұрама саны _________________________________________________________________________________________

20. Отын түрі __________________________________________________________________________________________________________

21. Танктер сыйымдылығы: отындық ______, ауыз су ________________________________________________________________________

22. Жүк трюмдерінің (танктерінің) саны, олардың шаршы көлемі _______________________________________________________________

23. Жүктік жарақтану ___________________________________________________________________________________________________

24. Жолаушылар орнының саны _________________________________________________________________________________________

25. Желкен жарақтарының түрі __________________________________________________________________________________________

26. Мачта саны _______________________________________________________________________________________________________

27. Радиостанция, оның қуаттылығы _____________________________________________________________________________________

28. Салдардың құтқару шлюпкаларының саны _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________

29. Рулдік құрылғы _____________________________________________________________________________________________________

30. Зәкірлік құрылғы ____________________________________________________________________________________________________

31. Су ағызу, өртке қарсы құралдардың саны мен қуаттылығы

______________________________________________________________________________________________________________________

32. Өлшеу куәлігі _______________________________________________________________________________________________________

(қашан, кім берген, №, қолданылу мерзімі)

33. Жолаушылар куәлігі _________________________________________________________________________________________________

(қашан, кім берген, №, қолданылу мерзімі)

34. Жүзуге жарамдылық туралы куәлік _____________________________________________________________________________________

(қашан, кім берген, №, қолданылу мерзімі)

35. Сыныптау куәлігі ____________________________________________________________________________________________________

(қашан, кім берген, №, қолданылу мерзімі)

36. меншік иесі (меншік иелері, меншік иелерінің әрқайсысына тиесілі үлестер) ____________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

(атауы, орналасқан жері, қандай мемлекеттің құқығы бойынша тіркелген, басқару органының мекенжайы (заңды тұлғалар үшін)

Тегі, аты, әкесінің аты, азаматтығы, толық мекенжайы (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ телефоны, факсы, телексі, телетайпы, электрондық почтасы)

37. Кемеге немесе оған меншік иесі құқығындағы үлеске меншік иесінің құқығы туындауын негіздеу __________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

(сатып алу-сату шартының, кеме жасау шартының деректемелері және басқалары)

38. Кеме (иелері) иесі ____________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(атауы, орналасқан жері, қандай мемлекеттің құқығы бойынша тіркелген, басқару органының мекенжайы (заңды тұлғалар үшін),

______________________________________________________________________________________________________________________

Кемені сенімгерлік басқару құқығында, (жеке тұлғалар үшін),

______________________________________________________________________________________________________________________

шаруашылық жүргізу құқығында, жедел басқару, бербоут-чартер негізінде иеленушінің

______________________________________________________________________________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты, азаматтығы, мекенжайы, төлқұжаттық деректері, сондай-ақ телефоны, факсы, телексі, телетайпы, электрондық почтасы)

39. Кемеге заттық құқығы, ауыртпашылығы ________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(туындау негізі, шарттың немесе құжаттың деректері, мерзімі, бенефициары)

40. Кеменің меншік иесінің немесе уәкілетті органның қолы ___________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(кім және кім ретінде сауалнамаға қол қояды, сауалнамаға қол қоятын тұлғаның өкілеттіктерін негіздеу аты-жөні, паспорт деректері)

 

Күні ________________ М.О. (заңды тұлғалар үшін)

 

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Кемелер мен оларға құқықтарды

мемлекеттік тіркеу қағидаларына

2-қосымша

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

 

ТЕҢІЗ КЕМЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫН

КӨТЕРІП ЖҮЗУ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

CERTIFICATE OF THE RIGHT SEA SHIP TO SAIL UNDER

THE STATE FLAG OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

 

20__ жылғы «___» _____________ № ________ Қазақстан Республикасының Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізіліміне/Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізіліміне енгізілген деректердің негізінде

________________________________________________________________________________________________________________ кемеге

(кеменің атауы) (name of ship)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге рұқсат берілетіні куәландырылады.

This is to certify that according to the data entered into the State Ship Register of the Republic of Kazakhstan/ the international ship register of the Republic of Kazakhstan, the ship has been authorized to sail under the state flag of the Republic of Kazakhstan.

 

Кеме туралы мәліметтер

Ship's particulars

 

1. Кеме типі ___________________________________________________________________________________________________________

Туре

2. Шақыру сигналы _____________________________________________________________________________________________________

Call sign

3. ИМО нөмірі _________________________________________________________________________________________________________

ІМО №

4. Тіркеу порты ________________________________________________________________________________________________________

Port of registry

5. Жасалған орны мен уақыты ____________________________________________________________________________________________

Place and year of build

6. Корпустың басты материалдары ________________________________________________________________________________________

Main material used to construct hull

7. Машинаның саны мен қуаттылығы ______________________________________________________________________________________

Number of sets and output of engines

8. 20 __ ж., «__»_______________ №___________ (кім) ____________________ берген өлшеу куәлігі бойынша басты өлшемдер

Principal dimensions according to tonnage certificate issued by

Ұзындығы ____________________________________________________________________________________________________________

Length

Ені ___________________________________________________________________________________________________________________

Breadth

Борт биіктігі ___________________________________________________________________________________________________________

Depth

Жалпы сыйымдылық ___________________________________________________________________________________________________

Gross tonnage

Таза сыйымдылық ______________________________________________________________________________________________________

Net tonnage

9. Кеменің бұрынғы атауы, егер ол бұрын шетел туын көтеріп жүзген болса және бұрынғы тіркеу порты

The previous name of the ship if she sailed under foreign flag and her previous port of registry

Теңіз порты капитаны __________________________________________________________________________________________________

Sea harbour Master

 

Қолы _______________________________________

Signature

Мөрі ________________________________________

Seal

Күні ________________________________________

Date

 

Сериясы хх № ххххххх

 

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Кемелер мен оларға құқықтарды

мемлекеттік тіркеу қағидаларына

3-қосымша

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

REPUBLIK OF KAZAKHSTAN

 

КЕМЕГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

CERTIFICATE OF OWNER SEA SHIP

 

20__ жылғы «___» _____________ № ________ Қазақстан Республикасының Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізіліміне/Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізіліміне енгізілген деректердің негізінде

___________________________________________________________________________________________________ кеме куәландырылады

(кеменің атауы) (name of ship)

This is to certify that according to the data entered into the State Ship Register of the Republic of Kazakhstan/the international ship register of the Republic of Kazakhstan, the ship

_________________________________________________________________________________________________ тиесілігі куәландырылады

(меншік иелері, олардың негізінде құқықтары тіркелген құжаттардың деректемелері)

______________________________________________________________________________________________________________________

(owners, particulars of the documents where under the right has been registered)

 

Кеме туралы мәліметтер

Ship's particulars

 

1. Кеме типі ___________________________________________________________________________________________________________

Туре

2. Шақыру сигналы _____________________________________________________________________________________________________

Call sign

3. ИМО нөмірі _________________________________________________________________________________________________________

ІМО №

4. Тіркеу порты _________________________________________________________________________________________________________

Port of registry

5. Жасалған орны мен уақыты ____________________________________________________________________________________________

Place and year of build

6. Корпустың басты материалдары ________________________________________________________________________________________

Main material used to construct hull

7. Машинаның саны мен қуаттылығы ______________________________________________________________________________________

Number of sets and output of engines

8. 20 __ ж., «__» ______ № ____ (кім) _____________ берген өлшеу куәлігі бойынша басты өлшемдер

Principal dimensions according to tonnage certificate issued by

Ұзындығы _____________________________________________________________________________________________________________

Length

Ені ____________________________________________________________________________________________________________________

Breadth

Борт биіктігі ____________________________________________________________________________________________________________

Depth

Жалпы сыйымдылық ____________________________________________________________________________________________________

Gross tonnage

Таза сыйымдылық ______________________________________________________________________________________________________

Net tonnage

9. Кеменің бұрынғы атауы, егер ол бұрын шетел туын көтеріп жүзген болса және бұрынғы тіркеу порты

The previous name of the ship if she sailed under foreign flag and her previous port of registry

Теңіз порты капитаны ___________________________________________________________________________________________________

Sea harbour Master

 

Қолы ______________________________________________

Signature

Мөрі ______________________________________________

Seal

Күні ______________________________________________

Date

 

Сериясы хх № ххххххх

 

Кемелер мен оларға құқықтарды

мемлекеттік тіркеу қағидаларына

4-қосымша

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

REPUBLIK OF KAZAKHSTAN

 

КЕМЕНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫН КӨТЕРІП ЖҮЗУ

ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ УАҚЫТША КУӘЛІК

PROVISIONAL CERTIFICATE OF THE RIGHT SHIP TO SAIL UNDER THE STATE FLAG OF THE

 REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

 

20 _____ жылғы «______» _____________ № ________ құжаттарды есепке алу кітабына енгізілген деректердің негізінде осымен кемеге

______________________________________________________________________________________________________________________

(кеменің атауы) (name of ship)

Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуге рұқсат берілетіні куәландырылады.

This is to certify that according to the data entered into the registry of documents, the ship has been authorized to sail under the state flag of the Republic of Kazakhstan.