2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 67-93 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 10.11.03 ж. № 150н қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Орталық аппаратының ақпараттық жүйесiн iлеспелеу, нығайту және есептiк желісі жүйесiнiң қауiпсiздiгiн, техникалық және жүйелiк қызметiн, сонымен бiрге ұйымдық құралдарды қосымша бөлшектермен, тұтыну материалдарымен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпарат жүйесiнiң iлеспелiгiн, ұйымдық техниканы жүйелi-техникалық қызметтен өткізу, ақпараттық есептiк желiнiң, қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету оның iшiнде жабық ақпаратты өңдеу кезiнде, қосалқы бөлшектермен тұтыну материалдарымен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Сыртқы iстер министрлігінде есептегiш желiн ақпараттық қорғауды
құру, ұйымдық техниканың үздiксiз қызмет жасауы, электрондық поштаның
тиiмдi пайдалануына мүмкiндiк, Министрлiк ақпарат жүйесiнiң қолданбалы
және жүйелi, тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

93-қосымша

Қазақстан Республикасының

Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

2003 жылға арналған

"Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігін

есептегiш және ұйымдастырушылық техникамен қамтамасыз ету"

601 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 10000 мың теңге (он миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "2000-2003 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" атты № 1578 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық материалдардың сапалы өңделуiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң орталық аппаратын осы заманғы есептегiш және ұйымдастырушылық техникамен, бағдарламалық өнiмдермен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: осы заманғы есептегiш және ұйымдастырушылық техниканы, компьютерлiк бағдарламалық өнiмдердi сатып алу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
ұйымдастырушылық техниканы жаңғырту, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
министрлігінiң орталық аппараты қызметiнiң қалыпты жұмыс iстеуi үшiн
ақпараттық материалдарды сапалы өңдеудi жүзеге асыру жөнiнде жағдайлар
жacaу.