1. Құны: 35000 мың теңге (отыз бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсыну және оларды беру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгiсiн дайындау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының белгілерiн бейнелеу тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: (наградалар резервiн) жинақтаушы қорды толықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік наградалар, олардың құжаттарын, құрмет дипломдарын және кеуде белгiлерiн дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттік наградалар дайындау.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
738 қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 738-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Президентi
Телерадиокешені" КЕЖАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргiзу" 051 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 520922 мың теңге (бес жүз жиырма миллион тоғыз жүз жиырма екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" 2000 жылғы 20 шiлдедегi Заңының 9-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенi" мемлекеттік мекемесiнiң қайта ұйымдастыру туралы" 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттiң әлемдегi қолданылып жүрген имиджін нығайту. Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінің қызметi туралы тұрғындарды хабардар ету. Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенi" КЖАҚ-тың материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Республиканың имиджін нығайту үшiн мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргiзу. Есіл өзенiнің сол жақ жағалауында Қазақстан Республикасы Президентiнің Резиденциясын жобалау және техникалық жарақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
тұрғындарды өткiзiлiп жатқан реформалардың әлеуметтiк-экономикалық саяси
курстарымен кеңiнен хабардар ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
739 қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Әкiмшiлiк ғимараттарды сақтандыру"
052 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11917 мың теңге (он бiр миллион тоғыз жүз он жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегi (Ерекше бөлiгi) Азаматтық кодексiнiң 803, 804, 809, 827, 828 және 831-баптары, "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 4 және 7-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету, сақтандыру себебi туындаған кезде шығын орнын қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тiлсiз қияпат, өрт, жарылыс және басқа да қауiптi жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк ғимараттарды сақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары: