Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1475 тіркелгенҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесін бекіту туралы»2001 жылғы 3 наурыздағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының2002 ж. 29 желтоқсандағы № 525 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 Қаулысымен күші жойылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 54 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1475 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесінің:
4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру ұйымын ерікті түрде қайта құру мерзімі;";
4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымының сақтанушылар және өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындау мөлшері және мерзімі, сондай-ақ тәртібі;";
5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«нақты сақтандыру кластарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі.»;
5-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: