«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 486 бұйрығына (№ 1639 болып тіркелген) толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 43 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 16 бұйрығымен күші жойылды
Жол қозғалысын тиімді бақылауды қамтамасыз ету, сот шешімдерін орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң күші бар Жарлығының, Жол қозғалысы туралы конвенцияны толықтыратын, 1993 жылғы 28 тамызда күшіне енген Европалық келісімнің талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 486 бұйрығына (№ 1639 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетендерінде жарияланған, 2001 жыл, № 33. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 777 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықта:
1) 52-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жүргізуші куәлігін алып қою»