Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағын, 51-бабы 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 1 Қаулысы (2017.03.11. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағын, 51-бабы 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 1 Қаулысы
(2017.03.11. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтініш субъектісінің өкілі - Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Әбдірахмановтың,

Республика Орталық сайлау комиссиясының мүшесі В.К.Фосовтың,

Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Бәйішевтің,

Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,

Республиканың Әділет вице-министрі Р.Ш.Шамсутдиновтың қатысуымен,

өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын, 51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ж.Балтабаевты, өтініш субъектісі өкілінің және отырысқа қатысушылардың сөздерін тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:

Республика Парламентінің бір топ депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын, 51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгінді. Өтініш субъектісі мынадай мәселелерді түсіндіруді сұрайды:

1) Конституцияда Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімінің басқадай тұрғыдан қарастырылмағандықтан, депутат өкілеттігінің мерзімін Республика Конституциясының 51-бабының 5-тармағына сәйкес депутаттыққа кандидат сайланған болып есептелетін кезден бастап есептеу керек пе.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.