3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани-білім және интеллектуалды-мәдени деңгейiн көтepу үшiн әлеуметтiк маңызды әдебиеттер шығару, өскелең ұрпақты жалпы әлемдiк құндылықтар рухында тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қазақ мемлекеттiгi қалыптасуының сан қырлы мәселелерiн көрсететiн өзектi, мазмұнды шығармаларды iздеп табу, жоғары сапалы баспа өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
халықтың рухани-білім мен интеллектуалдық-мәдени деңгейiн көтеру.
Сондай-ақ әлемдiк көркем әдебиет жауhарларын қазақ тілінде кең көлемде
шығару өскелең ұрпақтың бүкiләлемдiк құндылықтар рухында тәрбиеленуiне
және мемлекеттік тiл қызметiнiң дамуына, оның әлеуметтiк-коммуникативтiк
қызметiнiң кеңеюi мен нығаюына жан-жақты ықпал етедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 472-қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2003 жылға арналған 035 "Жастар саясатын жүргiзу" республикалық
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 140 571 мың теңге (жүз қырық миллион бес жүз жетпiс бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73 Өкімі; Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасының "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi стратегиялық дамуын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар туралы" 5.4 тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының "2003-2004 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасын әзiрлеу туралы" 5.4.15 тармағы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 мамырдағы "Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер құру туралы" № 340 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 4 сәуірдегі "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы туралы № 402 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жастардың әлеуметтiк тұрақтануы және өзiндiк жетiлуi үшiн экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жастардың қоғамда өзiндiк жетiлуi үшiн барынша жағдай жасау; балалар және жастардың қоғамдық бiрлестiктерi қызметтерiн қолдау; жастардың еңбек рыногына кiрiгуiне жағдай жасау; жастардың құқықтарын мүдделерiн қорғау; жастардың бойында азаматтық пен патриотизмдi қалыптастыру және дамыту проблемаларын шешудiң жаңа жолдарын әзiрлеу және тәжiрибеге енгізу; жастардың шығармашылық дамуына, талантты және дарынды жастарды iздеуге, қолдауға және әлеуметтiк қорғауға ықпал ету жүйесiнiң қызметiне экономикалық және ұйымдық жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жас
азаматтарды әлеуметтiк қамтамасыз етуге ықпал ету, халықтың аз қамтылған
бөлiгiне әлеуметтiк құқықтар мен кепiлдiктер беру. Жас ұрпақты дамыту
саласында жастарға және бастамаларын қолдауға арналған әлеуметтiк
қызметтер жүйесiн құруға бағытталған, жастардың әлеуметтiк мәнi бар
жобалары конкурсын мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыстарды орналастыру арқылы
балалар мен жасөспiрiмдердi және жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң
қызметiн сапалы жақсарту. Жастарды ақпараттық қамтамасыз ету; мемлекеттік
құрылымдардың республиканың жастар ұйымдарымен байланыс тетiктерiн құру
және жетiлдiру; жастар ұйымдарын белсендi араластыра отырып, республика
аймақтарында жастар саясатын қалыптастыру және жүзеге асыруға жағдай
жасау. Жастардың білім беру және мәдени деңгейiн көтеруге, сондай-ақ,
спорттық шараларға қызығушылығын ұлғайту және салауатты өмiр салтын
насихаттауға ықпал ету. Шағын және орта бизнес саласында жастардың жеке
кәсiпкерлiкпен айналысуына ұйымдастырушылық, құқықтық және білім беру
алғышарттарын құру. Шет елдерде республиканың оң имиджiн қалыптастыру,
әрiптес елдер арасында достық қарым-қатынастарды бекіту мақсатында
халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейту және дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 473-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 26.11.03 ж. № 150х қаулыларымен 473-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2003 жылға арналған 037 "Iшкi саяси тұрақтылықты және қоғамдық
келісімдi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүргiзу"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 35000 теңге (отыз бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму Стратегиясын iске асыру шаралары туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму Стратегиясын iске асыру жөнiндегі одан арғы шаралары туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысы; "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасы жөніндегі түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 22 сәуірдегі № 28-ө өкімі; Президенттiң 2003 жылғы 4 сәуірдегі "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" Қазақстан халқына жолдауы"; "Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1391 қаулысы, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстармен сындарлы диалог пен өзара әрекеттестікті нығайту, партияаралық қатынастардың орнықты жүйесiн қалыптастыру, үкiметтiк емес сектордың қарқынды дамуы, азаматтық қоғам институттарын қалыптастыруда және әлеуметтiк серiктестiк қатынастарды дамытуда үкiметтiк емес ұйымдарға мақсатты және жүйелi түрде мемлекеттік қолдау көрсету жұмыстарын жүргізу, республикадағы саяси-әлеуметтiк ахуалды сараптау, "Қазақстан - 2030" Стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2010 жылдарға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын, Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауын, Үкiметтiң 2002-2004 жылдарға арналған iс-қимыл Бағдарламасын насихаттау жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзудi қамтамасыз ету, iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласындағы аймақаралық үйлестiру және облыстық құрылымдардың өзара әрекеттесу жөнiнде кешендi жұмыстар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру шараларының жоспары: