7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Республика халқының елде өткiзiлiп жатқан реформаларға, "Қазақстан-2030"
Стратегиясына көзқарасының өзгеру қарқыны туралы тұрақты және нақты
ақпарат алу, билiк органдары, саяси лидерлер мен қоғамдық-саяси партиялар
және қозғалыстар рейтингiлерiн анықтау, шиеленiс ошақтарының пайда болуы
болжау, азаматтардың жеке және қоғамдық өмiрi проблемаларының негiзгi
тобын анықтау. Халықты белсендi түрде саяси қызметке тартудағы мемлекеттік
органдардың үкiметтiк емес сектормен, саяси партиялар және қозғалыстармен
нақты сындарлы ынтымақтастығы күтiлетiн маңызды нәтижелердiң бiрi болады,
азаматтық қоғам негiздерiн нығайту, реформаларды алға жылжыту қызметiне
негiзделген саяси мәдениеттi қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 474-қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2003 жылға арналған 038 "Мемлекеттік және басқа тiлдердi дамыту"
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100 000 мың теңге (жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңының 23, 25, 26-баптары; "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 6, 7-баптары; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасы тiл саясатының тұжырымдамасы; "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; "Қазақстан халықтары Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 856 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың транскрипциясын өзгертудiң тәртібі"; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" қаулысы; "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 "Тiлдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" қаулысы және басқалар.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
- мемлекеттік тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту және нығайту;
- орыс тілінiң жалпы мәдени функцияларын сақтау;
- этникалық топтар тiлдерiн дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік тiлдiң барлық мемлекеттік Ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында iс жүргiзудiң негiзгi тілі ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауларына қажет көлемде мемлекеттік тiлдi меңгерулерi үшiн шаралар қабылдау; қазақ тілін компьютерлендiру; оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиеттердi, анықтамалықтарды, сөздiктердi және т.б. әзiрлеу және баспаға дайындау; қазақ тілінiң фонологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ әлiпбиi мен орфографиясын жетiлдiру; қазақ терминологиясын жетiлдiру; мемлекеттік тiлдi дамытуға бағытталған қызметтi ақпараттық-насихаттық қолдау; орыс тілінiң мемлекеттік ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ресми тiл ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету; этникалық қауымдастықтар (диаспоралар) өкiлдерiн ана тiлдерiнде оқытуға мемлекеттік қолдау көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан аумағында қолданылатын тiлдердiң
қажеттi функционалдық ара-қатынасына қол жеткізумен айқындалатын оңтайлы
әлеуметтiк лингвистикалық кеңiстiк құруды; мемлекеттік басқару саласында
мемлекеттік тiлдiң позициясын нығайтуды; қазақ тілін үйрету мүмкiндiктерiн
кеңейту үшiн оқулықтармен, оқыту-әдiстемелiк құралдарымен, сөздiктермен,
компьютерлiк бағдарламалармен қамтамасыз етудi; қазақ тілінiң
терминологиялық базасын дамыту және нығайтуды; Тiлдердi қолдану мен
дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралардың
оң беделiн қалыптастыруды; ана тiлдерiн оқыту жөніндегі жексенбілік
мектептер жүйесi арқылы этникалық топтардың тiлдерiн дамыту үшiн қолайлы
жағдай жасауды; тiлдердiң ұлтаралық қарым-қатынасты үйлесімдендірудің
ықпалдастырушы факторы ретiнде рөлiн көтерудi көздейдi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 475-қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 039 "Театр-концерт ұйымдарын
субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 818 545 мың теңге (сегiз жүз он сегiз миллион бес жүз қырық бес мың теңге)
2. Бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының театры мен өнерi саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республика халқының және аймақтардың мәдени өмiрге араластыру мақсатында концерттiк шаралардың жалпыға тиесiлiгiн қамтамасыз ету. Қазақ халқының музыкалық-поэтикалық шығармашылығын, қазiргi композиторлар шығармаларын, әлемдiк көркем мәдениеттiң озық үлгiлерiн мақсатты түрде насихаттау, Қазақстан азаматтары мен өскелең ұрпаққа эстетикалық және iзгiлiктi тәрбие беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасы этностарының ұлттық мәдениетiн дамыту мен өзара
байыту халықтың мәдени қажеттіліктерiн қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 476-қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 040 "Мәдениет саласындағы қолданбалы ғылыми
зерттеулер" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12 538 мың теңге (он екi миллион бес жүз отыз сегiз мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының саяси-экономикалық дамуында ұлттық сананың бiрегейлiгiн және жалпы ұлттық басымдықтарын нығайтатын мәдени бағдарлар жүйесiн қалыптастыру жұмыстарына қатысу мен үйлестiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: әлеуметтiк-мәдени инфрақұрылымның жұмыс iстеуiнiң тиiмдi және перспективалық үлгiлерiн әзiрлеуге бағытталған мәдениет пен өнердiң қазiргi заманғы үрдiстерiне ғылыми-практикалық талдау жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
көрсетiлген ғылыми зерттеулердi әзiрлеу нәтижесiнде мәдениеттiң
ғылыми-методикалық базасы нығайтылатын болады және саланың дамуы үшiн
практикалық ұсынымдар даярланады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 477-қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 041 "Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 337 423 мың теңге (үш жүз отыз жеті миллион төрт жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы, Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 4-бабы, "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 қаңтардағы № 67 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң жекелеген мемлекеттік мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 қазандағы № 1620 қаулысы, "Кейбiр шешiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1626 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан аумағында тұратын этностардың материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн жинау және сақтау. Осы бағыттағы білімдердi халық арасында түсiндiру және тарату. Қоғамның рухани және моральдық жаңару процессiне жәрдемдесу. Бай мәдени мұраны зерттеу арқылы өскелең ұрпақ бойында жаңа құндылықтар бағдарын тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жабдықталуын, зерттелуi мен пайдаланылуын қамтамасыз ету. Профильдiк мұражайларға әдiстемелiк көмек көрсету, әдiстемелiк әдебиеттер тарату, консультациялар өткізу, олардың қызметтерi нәтижелерiн рецензиялау, тақырыптық семинарлар өткізу жолымен олардың қызметтерiн үйлестiру.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары: